Пәнінің оқу әдістемелік кешені 6В01725-Шетел тілі: екі шетел тілі


Дәріс 2.Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету



бет20/37
Дата09.12.2023
өлшемі1,59 Mb.
#135442
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
УМКД Сыни

Дәріс 2.Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету

    1. Ағылшын тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлаудың пайдасы

    2. Сыни тұрғыдан ойлау сатылары

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай технологиялардың бірі Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Оқушыларды сыни ойлауға үйрету оқушылардың сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға, сыныпта еркін ахуал тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге, қатысуға мүмкіндік беруші тәсіл. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтан да сабақты жоспарлаған кезде оқушылардың сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмалары болуын қадағалау қажет.
Сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді уақытында игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.
Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балалардың ағылшынша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына қазіргі таңда сабақтың басында «Brainstorming» жұмыс түрін кеңінен қолдануда. Берілген мәтінді оқу, түсінгендері бойынша постер қорғау, кез келген тақырыпқа өз ойын білдіру ағылшын тілінде сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Үйренген сөздік қоры бойынша бес жол өлең құру «Синквейн».
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады.
Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы — тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім — іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды.
Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандай болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да бір объективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлау жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Күнделікті сабақтарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжербиесін сабақтарда қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.
Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін балаларға ұсына отырып, оқушы көзқарасын еркін білдіре алуына жетелей жүріп мұғалімнің алдында ең басты сұрақ тұрады. Ол, «Сабақта сыни тұрғыдан ойлауды қаншалықты жүзеге асыра аламын». Яғни осыған орай талдау жасап көрейік.
Caбaқтa cыни тұрғыдaн oйлaуды жүзeгe acырa aлдым бa?
Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде өткен материалмен байланыстыра отырып, жаңа материалды меңгерту жүзеге асады. Әр топ өз аттарына сәйкес тақырыптарын түсіндіре келіп, күнделікті өмірде қолдана білу қажеттігіне тоқталып өтеді.
«Ой толғаныс» кезеңі – сабақты бекіту кезңінде «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптардың ерекшеліктерін салыстырады. Топ оқушылары процестерге берілген есептерді тақтаға орындайды, дәптермен жұмыс жүргізіледі.
Сабаққа қатысқан оқушылардың барлығы бағаланады. Оқушылардың ауызша жауаптары, есептер шығаруы, шығармашылық жұмыстары басшылыққа алына отырып бағаланады. Үйге «Еркін жазу» әдісі бойынша алған білімдерін, әсерлерін, түсінгендігін, әлі де болса нені білгісі келетіндерін қағаз бетіне түсіріп келу тапсырылады.
Осы технологияның страгегияларын пайдалану барысында сабақта мүлдем ауыз ашпайтын оқушының өзі ойын айтқанын, ізденгенін, топқа өз үлесін қосуға тырысатынын, өзінен кеткен қателіктерін мойындайтынына көзімәз жетеді. Жыл сайынғы жинақталып келе жатқан тәжірибеге қоса, оқытудың жаңа технологиясы сапалы білімге көрсеткіш болмақ.
Сонымен қатар, оқушы өз ойын қағаз бетіне түсіру арқылы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі, өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады. Топпен жұмыс істеуге үйренеді. Жан дүниесін тәрбиелейді.
Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.
Оқылым мен жазылым арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы инновациялық педагогикалық әдістердің ішінде мәселені қоюда оқыту тиімділігі тұрғысынан сәтті шыққан әдістердің бірі болып саналады. Сыни ойлауды дамыту технологиясының негізгі ережелерін негізгі үш кезеңнен қарастырастыруға болады.
1) әңгімеге тарту (вызов);
2) жаңа ақпараттың мәнін түсіну (смысловая стадия);
3) ой қорыту (рефлексия).
Сыни ойлауды дамыту технологиясы оқу әрекеті түрлері бойынша оқыту үдерісін қамтитын белгілі бір әдістер, тәсілдер, мен стратегияларды ұсынады. Әр сатының өзінің нақты, мысалы, әңгімеге тарту сатысына арналған қолданылатын тәсілдер мен стратегиялары бар. Өзекті ақпараттың тез меңгерілетіндігі айтпай-ақ түсінікті. Әңгімеге тарту сатысын ұйымдастыру тәсілдері жүйесі жеке жұмысты ұйымдастыру тәсілі ретінде және жұптық жұмыс пен топтық жұмысты ұйымдастыруда да жиі қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылыр-оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттер анықталады.
1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,ортақ қорытынды шығарады.
2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3.Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4.Қорытынды шығарады ,өз пікірін дәлелдейді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмысты бірнеше тақырыптар көлемінде өткізуге болады. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады . Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.
Оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған сайын,оларға төрт параметрдің көрсеткіші өседі: жекеден-жалпыға, дифференциалдыдан-сенімділікке, интуициядан-логикаға, бір перспективадан – көптеген перспективаға.
Сабақтың мақсаты үш бөліктен тұрады:
а)қызығушылықты ояту-сұрақ қою;
б)мағынаны ажырату – жауаптар іздеу,мәселені зерттеу;
в)ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту,оқыту мен жазу процесін осындай үш сатыға ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет