Пән/модуль бойынша силлабусты құрастырған оқытушылар



бет3/22
Дата03.10.2022
өлшемі107,83 Kb.
#41121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
mikrobiologiya zhne virusologiya

2.3 Пәннің мақсаты: студенттерге адамның инфекциялық және инфекциялық емес патологияда микроорганизмдердің ролі; клиникалық диагнозды дәлелдеу және микробиологиялық әдістердің мүмкіндіктері; инфекциялық үрдістің арнайы терапиясы мен алдын алу қағидаттары; қоршаған орта нысандары биологиялық ластану деңгейін индикациялау және оларды тұрғындар денсаулығын қорғауын қамтамасыз етуіне қолдану; биоқауіпсізділікті қамтамасыз ету әдістері туралы заманауи білім қалыптастыру.
2.4 Пәннің міндеттері:

  • патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің жіктелуі және биологиялық қасиеттері туралы ақпарат беру;

  • табиғатта микроорганизмдердің таралуы және олардың адам өміріне, инфекциялық аурулар дамуына қатысатыны туралы түсінік беру;

  • қоршаған ортаның әртүрлі нысандары, медициналық мекемелер мен нысандарының санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдер туралы білім қалыптастыру;

  • нормофлораның (микроэкология) рөлін және олардың адам организміне әсер етуін зерттеуді үйрету;

  • кең таралған инфекциялық және инфекциялық емес микробты аурулардың микробиологиялық диагноз қоюдың заманауи әдістерімен және олардың тәжірибелік денсаулық сақтау саласында қолданылуын таныстыру;

  • микроорганизмдердің химиопрепараттарға сезімталдығы/төзімділігі туралы түсініктемелер беру;

  • макро және микроорганизм арасындағы қарым-қатынастың негізгі молекулалық механизмдеріне сипаттама беруді үйрету;

  • инфекциялық агенттерден макроорганизм қорғанысының негізгі механизмдері және иммунологиялық реакциялардың сипаттамасымен таныстыру;

  • микроорганизмдер тудырған аурулардың арнайы профилактикасы мен емдеу қағидаттарымен таныстыру;

  • микробтармен ластануды бағалау әдістерін, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдермен биологиялық ластануын болдырмау жолдарын үйрету;

  • гендік инженерия және биотехнология туралы түсініктеме беру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет