Студент білуі тиіс: пәннің мақсаты, міндеттері және келешек маманның қызметіне оның маңыздылығын;
микробиология және иммунология тұрғыдан микроб-адам-қоршаған орта экожүйе қызметінің заңдылықтарын;
инфекциялық және инфекциялық емес микробты аурулар пайда болуына микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығын және микробты аурулардың арнайы профилактика мен емдеу қағидаттарын;
инфекциялық иммунология және аллергологияның негіздерін;
адамның кең таралған инфекциялық аурулардың, ауруханаішілік инфекциялардың заманауи микробиологиялық диагноз қою қағидаттарын;
инфекциялық аурулардың диагностикасы мен санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдерді анықтау үшін микробиологиялық зерттеулердің стандартты əдістерін қолдануды;
микробиологиялық зерттеулер қорытындыларын талдауды;
инфекциялық аурулар індеті таралуына қауіп төнгенде микробиологиялық қауіпсіздік жөнінде білімді пайдалануды;
микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне клиникалық- микробиологиялық зертханаға жолдама құжатын толтыруды;
аурухана нысандары, ауасы, суы, топырағы, дəрілік өсімдік шикізаты мен дайын дəрілер формасын микробиологиялыќ баќылаудан өткізу жəне алынған мəліметтерді талдауды;
дезинфектанттармен қоршаған орта нысандарын (соның ішіндео дəріхана мен фармацевтикалық өндірістерді қоса) залалсыздандыруды үйреніп алуы қажет.
Дағдыларды игеруі тиіс: -инфекциялық аурулардың диагностикасы мен санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдерді анықтау үшін микробиологиялық зерттеулердің стандартты əдістерін қолдану;
-микробиологиялық зерттеулер қорытындыларын талдау;
-инфекциялық аурулар індеті таралуына қауіп төнгенде микробиологиялық қауіпсіздік жөнінде білімді пайдалану;
- микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне клиникалық- микробиологиялық зертханаға жолдама құжатын толтыру;
- аурухана нысандары, ауасы, суы, топырағы, дəрілік өсімдік шикізаты мен дайын дəрілер формасын микробиологиялыќ баќылаудан өткізу жəне алынған мəліметтерді талдау;
- дезинфектанттармен қоршаған орта нысандарын (соның ішінде дəріхана мен фармацевтикалық өндірістерді қоса) залалсыздандыру.