Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жұппен жұмыс
Әдебиеттер:[2], [7], [9].
№8 практикалық сабақ тақырыбы: Оқытушының сабаққа даярлануы және сабақ жоспары. Математикадан өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру
Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:
Оқытушының сабаққа даярлануы және сабақ жоспары.
Математикадан өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру
1-тапсырма. Оқытушының және мұғалімнің сабаққа дайындау жүйесі үш кезеңнен тұрады: жаңа оқу жылына дайындық; тақырып бойынша сабақтар жүйесіне дайындық; келесі сабаққа дайындық. Талдау жасаңыз.
2-тапсырма. Мектеп мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы күнтізбелік жартыжылдық жоспармен аяқталады. 7 сынып геометриясы бойынша жартыжылдыққа тақырыптық жоспар құрыңыздар. Геометриядан мұғалімге арналған әдістемелік құралды қолдаңыздар. Ал жоғарғы оқу орнында жаңа оқу жылына дайындығы силлабус дайындау болып табылады, «Дифференциалдық теңдеулер» пәні бойынша силлабус құрыңыздар және негіздеп презентация түрінде қорғаңыз.
3-тапсырма. Бір тақырып бойынша сабақ жоспарын жасаңыздар. Өзіндік және бақылау жұмысын өткізу уақытын белгілеңіздер.
4-тапсырма. Қосымша үй тапсырмасын оқушы белгілі мерзімде орындаған жоқ (30 тапсырма). Осы жағдайда оқытушы қандай әрекет жасау керек? Көп берілген үй тапсырмасын орындауды барлық студенттен талап ету дұрыс па? Осындай қосымша есептерді шешуді сыныпта/аудиторияда қалай ұйымдастыру керек?
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: топтық жұмыс
Әдебиеттер:[2], [3], [6].
№9 практикалық сабақ тақырыбы: Математика есептерін шешудің жалпы әдістері. Математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісі
Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:
Математика есептерін шешудің жалпы әдістері.
Математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісі
1-тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
2-тапсырма. Мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?
3-тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?
4-тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?
Достарыңызбен бөлісу: |