Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жазбаша тапсырма.
Әдебиеттер:[4], [5].
№14 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:
1-тапсырма. Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері бойынша сипаттама беріңіз. Осы тақырып аясында 3 автордың еңбегіне талдау жасап, ерекшелігін атап көретіңіз.
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жазбаша тапсырма.
Әдебиеттер:[1], [9].
№15 практикалық сабақ тақырыбы: Педагогикалық практика туралы. Педагогикалық практиканың мақсаты және мазмұны туралы. Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар. Сабақты талдау схемасы.
Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:
1-тапсырма. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттер мектеп ұжымының жұмыстарының барлық салаларына қатысты тапсырмалар орындайды. Мұндай тапсырмаларды орындау студенттердің мектеп жұмысымен терең танысуларына жағдай жасайды, теориялық білімдерін жетілдіреді және педагогика ғылымдар саласынан, оның ішінде математиканың әдістемесінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ынталандырады. Студент-практиканттар сабақтың қандай түрлерін жүргізіп үйренулері керек. Негіздеме беріңіз.
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы:ауызша сауалнама.
Әдебиеттер:[4], [5].
8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсынымдар мен материалдар:
Әрбір студент ақпарат көзімен жұмыс істей алуы керек. Бұл дағдысыз бағдарламалық материалды, мамандықты игеру және оқу бітіргеннен кейін сәтті шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкін емес.
Кітаппен жұмыс істеу қабілеті қажетті көзді (кітап, журнал, анықтамалық) тез табу қабілетінен, ал онда қажетті материалдарды таба білуден тұрады; оны түсіну қабілетінен.
Ақпарат көзімен жұмыс жасау кезінде студенттің өзіндік жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен дереккөздерді оқудан, сұрақтарға жауап беруге дайындалу, пән бойынша білімін кеңейту, курстың белгілі бір тақырыбы бойынша хабарламалар, баяндамалар және басқалар дайындау мақсатында оқылғандардың жазбаларын жүргізуден тұрады.
Жалпы қабылданған оқу ережелері:
* Мәтінді мұқият оқып шығу керек-яғни түсініксіз жерлерге оралу.
* Мәтінді мұқият оқып шығу керек, яғни ештеңені жіберіп алмау керек.
* Мәтінді ойды шоғырландырып оқу қажет, яғни не оқып отырғандығы туралы ойлау керек..
* Мәтінді логикалық соңына дейін оқу керек - абзац, бөлім, тарау және т. б.
Практикалық сабақтарда тапсырмаларды, үй тапсырмаларын, курс тақырыптары бойынша шығармашылық тапсырмаларды жеке орындау, рефераттарды орындау, ғылыми дереккөздерді пайдалану, жағдайларды, газет хабарламаларын талдау ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |