Пәннің атауы: «Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»



бет25/31
Дата24.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#86220
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (2)

Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: ауызша сауалнама.
Әдебиеттер:[8], [6]

10 практикалық сабақ тақырыбы: Математикадан аудиториядан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері. Математикадан аудиториядан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері.


Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:
1-тапсырма. Математика мұғалімінің барлық оқу – тәрбие жұмысы сынып және сыныптан тыс жұмыстарды белгілі бір дәрежеде ұйымдастыруға бағытталуы тиіс. VІІІ сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыстардың 98 жоспарымен танысыңыздар. Осы жоспардың VІІІ сыныпқа арналған алгебра және геометрия бағдарламасымен салыстыру талдауын жасаңыздар.
2-тапсырма. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жалпы сипаттама беріңіздер. Сыныптан тыс жұмыстар деген не? Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды неше түрге бөлуге болады? Үлгерімі төмен оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін және ұйымдастыруын тұжырымдаңыздар. Осы жұмысқа байланысты қандай түрлерін білесіздер?
3-тапсырма. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі түрі – математикалық үйірме. Үйірме жұмысына өте жақсы оқушыларды қатыстыруға бола ма? Үйірме жұмысында қандай тақырыптар қарастырылуы тиіс?
4-тапсырма. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарда жүргізуге болады. Әр бағытқа сипаттама беріңіздер.
5-тапсырма. ЖОО-да аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысын қалай тиімді ұйымдастырар едіңіз? Мысалдар келтіріңіз.
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жазбаша тапсырма.
Әдебиеттер:[6], [7].

11 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру. Танымдық дербестіктің компоненттері мен деңгейі.


Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:

  1. Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру.

  2. Танымдық дербестіктің компоненттері мен деңгейі.

1-тапсырма. Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру түсінігіне анықтама беріңіз. Мысал арқылы негіздеңіз. 5 әдебиет бойынша осы тақырып көлемінде әдебиеттік шолу жасаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет