Бүтін теріс (-N) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін:
1) оң N санының ішкі ұсынымын алу керек;
2) осы санның кері кодын алу керек, ол үшін 0 -ді 1-ге және 1-ді 0-ге ауыстырып жазу қажет;
3) шыққан санға 1 қосылады.
Теріс бүтін санның мұндай ұсыным қалпын қосымша код деп атайды.
2-мысал. Бүтін теріс -1607 санының ішкі ұсынымын алу қажет.
Шешімі:
1) оң санның ішкі ұсынылуы: 0000 0110 0100 0111
2) кері коды: 1111 1001 1011 1000
3) 1-ді қосу нәтижесі: 1111 1001 1011 1001 – бұл -1607 санының ішкі екілік ұсынымы болады. Оналтылық қалпы: F9B9.
Нақты сандар. Жылжымалы нүктелі пішім бүтін және бөлшекті сандарды ұсынуға қолданылады. Мұндай сандарды математикада заттық , бағдарламалауда нақты деп атайды.
Q санау жүйесіндегі кез келген R нақты санының жылжымалы нүктелі түрінде жазылу үлгісі:
R = m*qp
Мұндағы m, R санының мантиссасы деп аталатын тиянақты үтірлі сан, q – санау жүйесінің негізі, p – санның реті, яғни көрсеткіштік реті деп аталатын бүтін сан.
Сандардың осылай жазылуын, жылжымалы нүктелі түрде ұсынылуы дейді.
Мысалы, мына теңдіктер әділ болады:
25.324 = 2.5324 *101 = 0.0025324*104 = 2532.4*10-2 және с.с.
ЭЕМ –де жылжымалы нүктелі санының қалыпты (орысша нормализованное) ұсынылуы қолданылады.
Қалыпты санның мантиссасы мына шартты қанағаттандыруы қажет: 0.1p ≤ m < 1p.
Басқаша айтқанда, мантисса бірден кіші және бірінші мәнді цифры – нөл болмауы керек.
Мысалы:
1). 42,5*104 = 0,425*106 (m=0.425; 0.1< 0.425 < 1 болғандықтан, сан қалыпты);
2). 42,5*104 = 4,25*105 (m = 4,25; 1<4.25<10 болғандықтан, сан жәй стандартты түрге келтірілген);
10>
Достарыңызбен бөлісу: |