Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Қазақстан тарихы»



бет6/14
Дата19.04.2023
өлшемі145,72 Kb.
#84108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Силлабус-1

1

2

-

7

1.65-74 бб.
2.43-47бб. 54-59бб
3.84-101бб.
26.57-65бб.



2-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 30)

7

Жаңа дәуірдегі Қазақстан

7.Тақырып: Ресейдің Қазақстандағы отарлау дәуірінің басталуы. Отарлау кезеңдері.
Қарастырылатын сұрақтар: Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі. Мырза Құтлу Мухаммад Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдау (XVIII ғ. 40 ж.). Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою. Даладағы сұлтандық институты (19 ғ. 20-60 ж.). Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Орыс шаруаларын Қазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері.

1

2




7

1.74-78бб.
3.102-115бб.
4. 3-том 96-213бб
26. 65- 74бб.

8

8 Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық көтерілістері
Қарастырылатын сұрақтар: Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесарыхан. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет