Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет42/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
Мезгіл үстеулері. Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жүзеге асу уақытын, мезгіл, мерзімін білдіріп, қащан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері. Қазіргі қазақ тіліндегі мекен үстеулері қимыл, іс-әрекет, амалдардың мекенін, орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері. Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер үстеулері қимыл, іс-әрекет, амалдың немесе сынның көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіріп, қанша? қаншалық? қаншама? қаншалап? кейде қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. Қазіргі қазақ тіліндегі сын-қимыл үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жсалу амал-тәсілін, сынын, бейнесін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейтпелі үстеулер. Қазіргі қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер заттың сындақ қасиетін және қимыл, іс-әрекеттің белгі, сапасын, мөлшер, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсету үшін қолданылады. Мақсат үстеулері. Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат үстеулері қимыл, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Себеп-салдар үстеулері. Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдар үстеулер қимыл, іс-әрекет, амалдың болу, болмау себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіріп, не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулері. Қазіргі қазақ тіліндегі топтау үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жасалуының топтық сипатын білдіреді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. 1) Үстеу семантикалық сипатына сәйкес қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі сын-сипаты, белгісін білдіреді.
Грамматикалық сипаттарына байланысты шылау сөздер үш топқа: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер болып бөлінеді.
Жалғаулықта шылаулар. Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғацй сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді
Септеуліктер. Септеуліктер деп объектімен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз» дейді. Жалғаулықтар тең дәрежедегі сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырса, септеуліктер оларды бағындыра, сабақтастыра байланыстырады.
Демеуліктер. Демеулікті шылаулар тіркескен сөздерге әр түрлі реңкті мағыналарды үстейді.
Тіліміздегі сөздердің бір тобы зат не құбылыс атаулары, олардың түрлі сындық, қимылдық атаулары секілді ұғымдарды беріп, нәтижесінде әр алуан сөз таптарына жатады. Осы сөздік құрамда қолданылып жүрген одағай сөздер – басқа сөз таптарынан өзіндік лексикалық әрі грамматикалық ерекшелігі бар сөз табы. Одағайлар – негізінде түрленбейтін сөздер табы. Одағайлардың өзіне ған тән жұрнақтары жоқ. Олар субстантивтенгенде ған болмаса, жалғауды да көп қабылдамайтын сөздер. Кейбір одағайларға -ла (-ле); -шыл (-шіл) жұрнақтары жалғанады: ойбай-лау, айт-айттап, аһылап-үһілеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет