Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет43/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Одағайдың сөйлемдегі қызметі. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген одағайлардың сөйлем құрамында мына секілді ерекшеліктері бар. Жоғарыда одағайлар адамның көңіл-күйін білдіретін түрлі дыбыстар жүйесі әрі басқа сөздермен грамматикалық түрлі қатынастарға түспеген соң, сөйлем мүшесі (сараланған, тұрақты, дербес) бола алмайтынын ескерттік. Бірақ одағайлардың бір қасиеті – олар сөйлемге балама ретінде қолданыла алатын сөздер. Мысалы, жә, тәйт секілді одағайлар енді жетер, доғарыңдар секілді бұйрықты мәнді сөйлемдермен мағыналас әрі осы секілді сөйлемдердің орнына жүре алады.
Сонымен бірге кейде одағайларды сөйлем басында қолданудың өзі – сол сөйлемнің жалпы айтылар ойының жағымды не жағымсыз екенін аңғарту үшін де стильдік мақсатта қолдана береді. Егер біз жағымсыз мәнде (ұрысу, жек көру) әй деген одағайды қолдансақ әрине бұл сөзден соң осы одағай мағынасына орай жағымсыз сөздердің қолданыларына анық. Мысалы, әй, тыныш отырыңдар! Немесе : Әй, қайда барасыңдар, қайтыңдар! т.б. секілді жағымсыз мәнді сөйлем жасалатыны белгілі. Дегенмен бұл сөйлемдерде келтірілген одағайлар сөйлем мүшелері бола алмайды.
Одағайлар сөйлем мүшесі ретінде қызмет атқарады. Мына секілді екі жағдайға байланысты болып келеді.
1. Одағай сөздер кейде субстантивтенуі негізінде әр алуан қосымшаларды қабылдап, сөйлем мүшелері ретінде қызмет атқаруы ықтимал. Сен өзің ойбайдан басқа білетінің бар ма? Ол кеше аҺлап, үҺлеп зорға жетті.
2. Ал кейде одағай сөздер көмекші етістікпен тіркесу нәтижесінде күрделі мүше құрамына енуі ықтимал. Іздеуге ерініп, шөре-шөре деген болды. Барлығы жиылып, аттанар алдында да қош десіп жатты.
Еліктеуіш сөздер деп – табиғатта ұшырасқан сан-алуан құбылыстармен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер қабылдаудан болған және сол түсініктер қабылдаудан болған және сол түсініктердің атқаратын атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Еліктеу сөз табының құрамындағы сөздер табиғи құбылыстарды бейнелегенде оның екі қасиетіне қатысты түрде бірі – дыбыстарға, екіншісі – табиғи бейнелерді сипаттай алатындай дәрежеде кездесетіндіктен, тіл білімінде еліктеу сөздерінің алғашқы тобын еліктеуіш, соңғы тобын бейнелеуіш деп аталып жүр. Еліктеу сөздері сөйлемдегі қызметтері ерекше болып келеді. Айталық, еліктеу сөздері етістікпен тіркескенде ет етістігімен еркін тіркесе алады. Жалт етті, сарт етті, шолп етті т.б. Сонымен бірге еліктеу сөздері толық мағыналы етістікпен тіркесінде тек өзінің мағынасына орай етістіктермен ғана тіркесе алады: Ол кілт тоқтады. Ол жалт қарады. Еліктеу сөздері сын есім, үстеу, шылаулармен тіркеспейді. Ал сөйлем мүшесі турасына келсек, негізгі қызметі пысықтауыш болу. Кейде еліктеу сөздері қай сөзбен, яғни сөз табымен тіркесуіне орай әр түрлі сөйлем мүшелері бола алады. Тарс-тұрс төбелес басталды десек зат есіммен тіркесінде анықтауыш, ол елең етті дегенде етістікпен тіркесіп баяндауыш, субстантивтеніп толықтауыш бола алады: Бір кезде шаң-шұңның бәрі болады. Ол қазір сыбыр-сыртыңнан оралған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет