Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет48/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлем құрауға негіз болатын өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін тұрлаулы (бас) мүшелер дейміз. Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте, бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, олбаяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады. Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің ең негізгісі – бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анаңұрлым басым болады. Оны мыналардан байқаймыз: Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол – сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
Бастауыш. Тұрлаулы мүшелердің ең бастысы. Негізгі мүшесі бастауыш. Грамматикалық бастауыштың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде тұрған кім? не? деген сұрауға жауап беретін логикалық субъекті толығымен кіреді. Бастауышқа тән белгілер:
1. Бастауыш сөйлем арқылы айтылған ойдың кім, не туралы екенін білдіреді. Ол – субъектіні білдіретін мүше. Субъектіні атау, соны білдіру бастауыш мүшенің ең бастапқы, әрі негізгі қызметі.
2. Бастауыш баяндауышпен синтаксистік байланысқа түсіп, предикативтік қатынасқа негіз болатын мүшелердің бірі.
3. Бастауыш – грамматикалық бітімі жағынан басқа сөйлем мүшелерінен тәуелсіз мүше.
4. Бастауыш мүше негізінен атау септіктегі зат есімнен жасалады.
Баяндауыш. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Олардың грамматикалық белгілері мыналар:
А) баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше білдіріп тұрған субъектіге тән предикативтік істі, сапаны айтады. Қуандықтың екі көзі күлімсіреп, ақша беті бал-бұл жанады.
Ә) баяндауыш мүшеге тән грамматикалық формалар бар. Олар – шақтық, жақтық, модальдық форма. Жастар тегіс телміре қарап, үн тыңдап қап еді.
Анықтауыш. Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зет есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері анықтауыш деп аталады. Анықтауыш қызметінде сын есім, сан есім, сілтеу есімдіктері жұмсалады. Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады. Меншіктік анықтауышқа ілік септігінде тұрған анықтауыштар жатады. С.Аманжолов: Анықтауыштар қандай, қай, қанша, неше, қайсы, ненің, кімнің, қайдағы, недегі деген сұраулардың біріне жауап береді..
Толықтауыш. Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру ұшін айтылатын сөзді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің амалын, жайын, болмысын айтатын сөз көбіне баяндауыш. Солай болған соң, толықтауыш көбінесе баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып шығады. Толықтауыштар тұлғасына, мағынасына және синтаксистік қызметіне қарай екіге бөлінеді: тура және жанама толықтауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет