Дауысты дыбыстардың жіктелуі:
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық, артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай 3 жақты жіктеледі:
Жақ қатысына қарай:
– ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е
– қысаң дауыстылар: ы, і, ұ, ү
Ерін қатысына қарай:
– еріндік дауыстылар: о, ө, ү, ұ
– езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і
3. Тіл қатысына қарай:
– жуан дауыстылар: а, о, ө,ұ, ы
– жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, е, і
Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан пайда болса, салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан барып пайда болады. Дауыс, үн тон деп аталса, ал салдыр (шу) обертон делінеді.
Дауыссыз дыбыстар өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Тіліміздегі дауыссыздар сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бірізге түскен жоқ. Мектеп оқулықтарында олардың саны әр түрлі айтылып жүр: 17 (19), 25 кейде 26. Көбінесе әріп пен дыбысты шатастырудан барып ала-құлалық туып жүр. Мәселен, щ – әріп, дыбыс емес, ол ш дыбысының екі рет қайталануынан тұрады. Щ әрпі қазақ тілінде ащы, тұщы, кеще деген үш сөзде ғана жазылады.
Қазіргі қазақ тілінде 25 (ал қазақ тілінде 19) дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, ң, қ, п, р, с, т, у, ћ, ф, х, ц, ч, ш.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай жүйеленуі:
үнді (сонор) дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, у;
үнсіз дауыссыздар б, г, ғ, д, ж, з, п, к, қ, т, ш, с;
кейде оларды қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар деп те бөледі.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 4], 2. [1.7: 8], 3.[1.7: 9].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 16]
№ 3 дәріс тақырыбы: Буын, оның түрлері. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Дыбыс үндестігінің орфография мен орфоэпияға қатысы. Бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы буын және дыбыс үндестігі кездесетін тақырыптар. Орфоэпия, орфография, графика.
Достарыңызбен бөлісу: |