Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет15/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Сіздің этикалық ұстанымыңыз
Әдепті әрекет ету және әдепті көріну әртүрлі ұғымдар болып табылады. Бағдарламаның кез келген тапсырмасын орындау кезінде Сіз этикалық нормаларға сәйкестігін қарайтын және осы процесті осы нормалармен келісу шараларын қолданатын әдісті нақты анықтау қажет. Саясатқа сәйкес және ұстануға тиіс нормалармен танысқаныңызға сенімді болу керек. Сіз сондай-ақ кез келген жазбаша ұсыныста өз іс-әрекеттерін түсіндіруді ғана емес, сондай-ақ сіз пайдаланатын құралдардың мысалдарын қамтуы тиіс, мысалы: Сіздің жобаңызға балалардың қатысуына рұқсат сұрайтын ата-аналарға хат және т. б.
Плагиат ниеттеріне және пайдаланылған көлемге қарамастан, дереккөзге сілтеме жасамай, қандай да бір автордың жұмысын пайдалануға алу және оны өзінің жеке жұмысы ретінде ұсыну, академиялық адалдық нормаларының бұзылғанын куәландырады. Плагиат мысалдары:
көшірме жасау (өз мәтіндері немесе басқа тұлғаның идеяларын дереккөзге сілтеме жасамай пайдалану);
− дереккөзге сілтемесіз басқа тұлғаның жұмысын сөзбе-сөз келтіру;
− дереккөзге сілтемесіз, жеке сөздерді немесе сөздердің орналасу тәртібін өзгерту
арқылы басқа тұлғаның жұмысын қайта фразалау;
− құрастырушыға сілтеме көрсетпей қандай да бір басқа құжаттан алынған идеяларды пайдалану;
− онлайн көздерді стильдеу мақсатында Интернеттен ақпаратты алу және кіріктіру;
− мысалы, кәсіби агенттіктер («эссе банкілері» және т.б.) арқылы жұмысты сатып алу немесе тапсырыс беру немесе авторлық жұмыс ретінде бірлескен жобаны орналастыру арқылы авторды көрсетпестен басқаның жұмысын өзінің жұмысының бөлігі ретінде ұсыну.
Бірлескен жобаны қоспағанда, басқа тұлғамен (яғни ынтымақтастық жасырылған немесе тыйым салынған) келісімде жасалған жұмыс плагиат деп танылуы мүмкін. Зерттеу қай жерде автор елеулі көмек алғандығын көрсетуі тиіс.
Плагиат бұқаралық ақпарат көздері мен құралдарының барлық түрлеріне қатысты анықталуы мүмкін: мәтін, иллюстрациялар, музыкалық цитаталар, математикалық туындылар, компьютерлік ережелер және т.б.; web-сайттардан немесе қолжазбалар мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған материалдар; жарияланған және жарияланбаған материалдар, соның ішінде дәрістер мен басқа да жұмыстарды тарату материалдары.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде сіздің зерттеулеріңізде қолданылатын сілтемелерді, құжаттарды, мәтіндер мен журналдарды, оның ішінде web-материалдарды дәйексөздеудің барлық нормаларын сақтау, сондай-ақ сіздің тапсырмаңызды орындау кезінде сізге ауызша немесе жазбаша нысанда көрсетілген көмек көзін көрсету маңызды. Басқа жұмыстардан көлемді тікелей дәйексөзден аулақ болыңыз (Мұғалім үшін нұсқаулық, 2012).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет