Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет14/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Бақылау сұрақтары:

  1. Ғылым ұғымын сипаттаңыз.

  2. Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістемесінің нысаны не?

  3. Ғылым дамуының механизмі не?

  4. Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктерін ата?

Дәріс 3.
Тақырыбы: Қатысушылардың құқықтары мен құпиялылығы. Ақпараттандырылған келісім

Зерттеулер білім шекарасын кеңейту мақсатында жүргізіледі. Олар бізді қоршаған процестерді түсінуді жақсартып, социумдардың одан әрі дамуына үлес қосуы тиіс. Бұл мақсаттар академиялық адалдыққа (academic integrity) және этикаға (ethics) ерекше қатынасты талап етеді. Мұнда зерттеуші басшылыққа алатын негізгі этикалық нормалардың екі түрі ғана келтіріледі. Жіктеу және анықтамалар Бабби мен Ньюманның жұмыстарына негізделген.


Нәтижелерді көрсетудегі адалдық
Көптеген жағдайларда, этикалық мәселелер ғалымға жасалған сыртқы қысымына байланысты туындауы мүмкін. Айталық, белгілі бір нәтижелерге келу қажет болған жағдайда (демеушілік ұйым немесе басшылық тарапынан қысым) жоқ деректерді қосу, «жоқ» деректерді алып тастау, әдістерді жалған қолдану және т.б. арқылы нәтижелерді өшіруге ниет туындауы мүмкін. Осы тәрізді проблеманы барынша азайту үшін әдетте деректерді жинау мен талдау тәсілдерін қоса алғанда, зерттеу процесін егжей-тегжейлі сипаттау талап етіледі. Басқа ортақ проблема басқалармен жинақталған немесе алынған идеялар мен нәтижелерді өзінікі сияқты етіп ұсыну болып табылады. Бұл плагиат ретінде қарастырылады. Мектептер мен университеттерде академиялық жазбаға тиісті дайындықсыз және өте қысқа мерзімде көлемді рефераттар мен курстық жұмыстарды талап етеді. Мұндай талаптар оқушылар мен студенттерді интернетте бөтен мәтіндерді көшіруге итермелейді және оларға плагиат мәдениетін өте ерте сатыда үйретеді. Плагиатты болдырмау үшін ғылыми әдебиетті өз тақырыбы бойынша оқып, басқадан алынған материалға дұрыс сілтеме жасау қажет. Түпнұсқаға сілтеме жасамай, басқалармен жазылған мәтіндерді қайта өңдеу де плагиат болып табылады.
Плагиат - басқалармен жинақталған немесе алынған идеялар мен нәтижелерді өзінікі сияқты етіп ұсыну.
Сайтта тегін Zotero бағдарламасымен жұмыс істейтін бейнесабақтар бар, ол сілтемелер мен дереккөздерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама ондаған және жүздеген дереккөздер қолданылатын ғылыми жұмысты жазуда таптырмас құрал.
Зерттеуге қатысушыларға зиян келтірмеу
Негізгі этикалық нормалардың бірі зерттеуге қатысушылардың барлық құқықтарын қорғау болып табылады, өйткені ақпаратты жинау процесінде немесе нәтижелерді жариялағаннан кейін бұл құқықтар бұзылуы мүмкін. Зерттеушінің қоғамдық өмірді түрлі көріністерде зерттеу құқықтары арасында дилемма бар, ол проблемаларды ашып, шешімдер ұсынады, және қатысушылардың (респонденттер, бақылаушылар, эксперимент қатысушылары, демеушілер) құқықтары, жеке өміріне араласпау және құпия ашылмау құқықтарын білдіреді. Біріншіден, зерттеуге қатысушыларға физикалық немесе эмоциялық зиян келтіруге болмайды. Мұндай мәселе жиі эксперименталды дизайнда туындайды. Екіншіден, барлық ықтимал жағдайларда әлеуетті қатысушылардан белсенді немесе пассивті түрде зерттеуге қатысуға келісім алу қажет. Келісімді алу проблемасы әдетте деректерді жинау әдісі ретінде пассивті бақылауды пайдалану кезінде туындайды. Үшіншіден, нәтижелер жарияланғаннан кейін қатысушыларға зақым келтіруі мүмкін ақпаратты жария етпеу керек. Зерттеу барысында, сондай-ақ нәтижелерді жариялау кезінде жасырын және құпиялылықты сақтау қажет. Анонимділікті жеке деректерді жинамай, немесе қажетті өңдеуден кейін оларды жою арқылы сақтауға болады. Анонимдік үшін зерттеуге қатысушылар атауларының орнына ID нөмірлер қолданылады. Құпиялықты сақтау үшін зерттеу нәтижелерін жеке тұлғалар туралы ақпаратты жарияламай біріктірілген түрде ұсынады. Кейде нәтижелер жасырын, ойдан шығарылған есімдер немесе ID арқылы, бірақ ақпаратқа сүйене отырып, зерттеуге қатысушылардың жеке басын анықтап алуға болады, бұл да оларға зақым келтіруі мүмкін (Молдашев К.).
Деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмірінің құқықтарын бұзу немесе олардың беделіне немесе жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай қауіп-қатерлер, әсіресе оқушыларға қауіп төндіруі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген себептер проблемаларды ерекше талдауды және хаттамаларды және өткізу рәсімдерін орынды таңдауды талап етеді. Төменде қабылдау қажет негізгі 10 іс-қимылдың тізбесі келтірілген.
1. Кеңес беру және Сіздің зерттеуді жүргізу көзделетін нақты жағдай саясатын ұстану.
2. Зерттеулер жүргізу бойынша Виртуалды білім беру кеңістігіндегі этикалық мәселелер бойынша кеңес алу және олардың сіздің зерттеулеріңізге сәйкестігін ескеру. http:// www.bera. ac.uk/blog/category/publications/guidelines/.
3. Оқушылардың сұхбатын, есебін, бейне- және фототүсірілімдерін жүргізу бойынша мектеп саясаты жасалғанын және онда оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай көрсетілгенін; құжаттарды сақтау тәртібін анықтау.
4. Балаларды зерттеуге немесе экспериментке тарту үшін ата-аналардан/студенттерден немесе қамқоршылардан алдын ала рұқсат сұрау керек. Сонымен қатар, ата-аналарға хат тапсырманың мақсаты мен сипатын түсінікті түрде түсіндіруіне және адресаттың шын мәнінде алуына көз жеткізу қажет. Ата-аналардың келісімін жазбаша растауды сұраңыз.
5. Сіздің ниетіңізді жазбаша түрде, жоспарда баяндаңыз және әріптестеріңізбен, атап айтқанда мектеп директорымен Сіздің жобаңыздың мақсатқа сай болуына қатысты кеңесіңіз.
6. Деректерді жинау әдісі қандай болса да, сіз қызметтің мақсаты мен нәтижелерін пайдалану тәсілдерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық қатысушылардың келіскеніне қайтадан көз жеткізіңіз.
7. Кез келген жағдайда, сұхбат немесе пікірталас болсын, жеке өмірін және үшінші тараптың (оқушылардың, студенттердің, әріптестердің) беделін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде нақты хаттамалар белгіленеді.
8. Анонимдік принципіне сәйкестігін ескеріңіз. Кейбір жағдайларда мектептер мен мұғалімдер өз жұмысын мойындау мақсатында осы қағиданы бұзуы мүмкін.
9. Респонденттер (оқушылар, әріптестер, басшылық) сіздің зерттеуіңіздің нәтижелерімен танысуын бақылаңыз.
10. Сіздің зерттеуіңіз оқушылардың/студенттердің мүдделеріне жағымды тұрғыда сәйкес келуін қадағалаңыз.
Жоғарыда аталған процедуралық шешімдерден басқа, сіздің зерттеудің этикалық мәселелері кең мағынада шешілуі мүмкін. Сіз әріптестеріңіздің және/немесе сіздің оқушыларыңыздың зерттеу жүргізу және осы бағдарламаның талаптарын қанағаттандыру мақсатында сізбен ынтымақтасуға сендіре аласыз, бірақ сіздің жобаңызға қатысу мектеп үшін де, сіз тартқыңыз келетіндер үшін де пайдалы бола ма? Мысалы, мектеп шешім қабылдау үшін қажетті пайдалы дәлелдермен қамтамасыз етіледі ме, әлде оқушылар өз пікірін білдіргендері оларға пайдалы болама ма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет