Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет11/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Ғылыми зерттеу субъектілері ретінде: жеке тұлға – ғалым-зерттеуші; ұжым – ғылыми топ, ғылыми қоғамдастық; жалпы қоғам (бұл жерде ғылымды әлеуметтік ұйымдастыру мәселесі бірінші орынға қойылады) бола алады.
Ғылыми зерттеудің негізгі құралдары ретінде мыналар қолданылады: жүйеге жан-жақты негізделген және жинақталған ғылыми әдістер; белгі түріндегі құралдар — өзара байланысты және ғылымға тән тілді құрайтын қатаң анықталған ұғымдар мен терминдер.
Ғылыми зерттеудің материалдық-техникалық құралдары да маңызды орын алады, олар
арнайы құралдарды, қондырғыларды, ақпаратты алу мен тексеру, оны әртүрлі мақсаттарда пайдалану мен айырбастаудың кез келген басқа да техникалық құралдарын (дербес компьютерлер, Интернет, бағдарламалық жасақтама, электронды ақпараттық деректер базалары және т.б.) қамтиды.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми еңбектерде (мақалалар, монографиялар, оқулықтар, диссертациялар және т.б.) іске асырылады және оларды жан-жақты бағалағаннан кейін іс жүзінде қолданылады және жинақталған түрде басшылыққа алынатын құжаттарға енгізіледі.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер әлемнің барлық дамыған елдерінде жиынтық ұлттық өнімнің салмақты бөлігін қамтиды (мысалы, АҚШ-та шамамен 3%, Қазақстанда - 0,13%). Ғылыми зерттеулер қоғамдық өмірдің барлық жақтарына, экономикалық және техникалық прогреске, қоғамдық институттарды басқаруға және т.б. үлкен әсер етеді. Сондықтан оларды қаржыландыру, жоспарлау, ұйымдастыру, тиімділік мәселесі мемлекеттік саясаттың орталық проблемаларының бірін құрайды. Осыған байланысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, олардың экономикасы және әдістемесі бойынша зерттеулер кеңінен дами бастады. Ғылыми зерттеулердің әдістері мен дағдылары көптеген экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуде ғылым аясынан тыс кеңінен қолданылады (Қадыров А.С., Қадырова И.А., 2015; Хомякова И.Г., 2013; Маюрникова Л.А., Новосёлов С.В., 2009; Мигуренко Р.А., 2007).
Осылайша, оның ғылыми аппаратын көрсететін зерттеу компоненттерінің жиынтығы
педагогикалық зерттеудің әдіснамалық сипаттамаларын құрайды:
1) зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі - қоғамның белгілі бір даму кезеңінде білімге, дидактиканы ғылым ретінде дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық мәніне, маңыздылығына қоятын талаптардың қысқаша көрінісі, проблеманың ғылыми әдебиетте өңделгендігі және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін жүргізілетін зерттеудің уақыттылылығы (неге тап осы мәселені қазіргі уақытта зерделеу қажет?);
2) зерттеу мәселесі - практиканың қажеттіліктері мен сұрақтың ғылымда өңделу деңгейі арасындағы тұжырымдалған қарама-қайшылық, сондай-ақ осы қарама-қайшылықты шешудің жолдары мен шарттарын іздеу (бұрын ғылымда зерттелмегеннің ішінен нені зерттеу қажет?)
3) зерттеу тақырыбы – дидактикалық зерттеу тақырыбының негізгі мазмұны; нақты
жағдайға қатысты мәселені жүзеге асыру (мұны қалай атауға болады?);
4) зерттеу нысаны - ғылыми әдістерді қолдана отырып, ғылыми таным, зерделеу, түсіндіру немесе қайта құру процесі бағытталған педагогикалық ақиқаттың бір бөлігі (не қарастырылады?);
Зерттеу нысаны шеңберінде зерттеудің түрлі тақырыбы туралы айтуға болады. Дидактикалық зерттеу нысаны ретінде, мысалы, оқу-тәрбие процесі немесе қандай да бір нақты пәнге оқыту таңдалуы мүмкін;
5) зерттеу пәні – зерттеу нысанының нақты бөлігі немесе онда болып жатқан процесс,
немесе зерттелетін мәселенің аспектісі (нысан қалай қаралады? зерттеуші зерделеу үшін
оған тән қандай қатынастар, аспектілер мен функцияларды бөліп алады?);
6) мақсаты – педагогикалық құбылыстарда себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды анықтау және олардың негізінде теориялар мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу болжанып отыр? қол жеткізгенге дейін бұл нәтиженің жалпы сипатты қандай болмақ?);
7) болжам - белгілі бір құбылыстың болуы туралы болжам; нысан тіршілігіне, оның пайда болу себептеріне, оның қасиеттері мен байланыстарына, өткеніне және болашағына және т.б. қатысты болуы мүмкін (нысанда не айқын емес? зерттеуші онда басқалардың назарынан тыс қалған нені байқады?).
Дидактикалық зерттеулердегі болжамды тұжырымдау, әдетте, қандай да бір педагогикалық процестер мен құбылыстардың өту жағдайларын анықтауға бағытталған.
Жалпы болжамның құрылымы мынадай үлгі түрінде ұсынылуы мүмкін: «егер мынадай және басқаша жаңа мазмұн қолданса немесе қолданылатын мазмұнды немесе формалар мен әдістерді былайша немесе басқаша өзгертсе, онда білім мен іскерлік саналы әрі берік меңгерілетін болады, оқушылардың қызметі осындай бағытты қабылдайды, оқушылардың дамуында мынандай өзгерістерге қол жеткізіледі».
8) міндеттер – педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?);
9) жетекші идея (бастапқы тұжырымдама) – теориялық жүйе негізінде жатқан айқындаушы ұғым (Кусаинов Г.М. және басқалар, 2019).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет