Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды


-мысал (б): Бірлесіп ақпарат жинау тәсілі



бет73/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

3-мысал (б): Бірлесіп ақпарат жинау тәсілі
Деректерді интерсубъективті жинау және қорытындыларды бақылау үшін мен жақсы ынтымақтастығым қалыптасқан талапшыл әріптес және бақылаушы ретінде осы сыныпта жұмыс істейтін басқа пән мұғалімін сабаққа шақырамын деп шештім.
Біз оқытудағы жалпы нормалар туралы бірдей пікір ұстанамыз, бұл ретте біздің айырмашылықтарымызды толық түсінеміз. Осылайша, зерттеу материалы триангуляцияны қамтамасыз ету үшін үш көздерден жиналды:
А) Сыныптағы мұғалім:
1) Сыныпта жұмыс істеуден немесе әріптестерімен және оқушылармен талқылаудан кейін журналда және оның жиегінде жазылған белгілерді зерделеу.
2) Сабақта таңдалған жұмыс үзінділерін жазу.
Б) Оқушылар:
1) Процесс/зерттеу жобасы аяқталғаннан кейін мұғаліммен/іс-әрекетті зерттеушімен және талапшыл әріптестермен жартылай ерікті түрде әңгімелесу.
2) Сынып жұмысынан кейін мына сұрақтар кіретін жазбаша сауалнама жүргізу:
• Жіктеуші тақырыптарды талдау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
• Сіз процесті қалай сипаттар едіңіз? (немқұрайлы, қызық емес, қызықты, басқа).
• Оны жетілдіру бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз қандай?
• Жіктелген тақырыптар бойынша оқушылардың жұмыстары
В) Талапшыл әріптес:
1) Процесс барысында берілген тапсырмалар мен ескертулердің орындалуын бақылау.
Мұғалімдер пайдалана алатын деректерді жинаудың басқа құралдары 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте. Күнделікті зерттеу жүргізу құралдары

Оқу бөлмесінің картасы
* Сыныптың ұйымдастырылуы мен дизайнына сын тұрғысынан қараңыз. Сіз қабырғаларда кімнің жұмысын көресіз? Орындықтар қалай орналасқан?
* Сынып бойынша қозғалысты белгілеңіз –
Сіздің, оқушының, топтың.
* Мұғалім мен оқушылар арасындағы ауызша
қарым-қатынасты, сондай-ақ оқушылар
арасындағы қарым-қатынасты белгілеңіз.

Суреттер мен фотосуреттер
*Жылдам сурет, түртіп алу. Суреттер мен фотосуреттерді бірлі-жарым жағдайларды тіркеу және уақытша іріктеу үшін пайдаланылатын дәптерге салыңыз
* Белгілі бір уақыт кезеңінде жиналған оқушылардың жеке және топтық жұмыстар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет