Зерттеу әзірлейміз
Іс-әрекетті зерттеудегі ең күрделі мәселе сұрақты дұрыс қою болып табылады. Біз бір ғана «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтарға қарағанда, дұрыс қойылған сұрақ толық жауапты талап етіп, мұғалімдерге алдын ала белгілі жауаптардың нұсқаларына жол бермейді. Іс-әрекетті зерттеу мұғалімдерге қандай да бір іс-әрекеттің салдарын түсінуге көмектеседі.
Не істеу керек?
Қарастыруға уақыт бөле алатын бір сұрақты (тақырыпты) таңдаңыз. Өзіңізден іштей сұраңыз: Бұл сұрақ сізді не себепті қызықтырды? оған сіз қалай жауап берер едіңіз және жауаптың ерекшелігі неде? Егер осындай ішінара талқылаудан кейін сұрақ әлі де қызығушылық тудырса, оған берер жауаптың негізділігін өз әріптесіңізбен тексеріңіз.
Проблеманы нақтылау
Төменде 21-суретте келтірілген мысал орта мектептің физика пәнінің мұғалімімен ұсынылды. Оның жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеуге көңілі толмай, «Ғылым қалай әрекет етеді?» жаңа тұжырымдамасын оқытудың өз әдістемесін жетілдіруге ниет білдірді. Тұжырымдаманың сипаттамасы өте жалпылама болды, сондықтан бастапқыда негізгі идеяны анықтауда оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған. Келесі кезеңде жаратылыстану ғылымдары бойынша оқушыларға білім беру бағдарламасының күрделі әрі даулы мәселелерін ойластырудың түрлі тәсілдерін түсінуге көмек көрсету үшін әріптестердің қазіргі уақытта жасағанын нақтылау мақсатында сыныпта зерттеу жүргізілді.
Сонымен қатар, мұғалім, өз әріптесіне жаңа тәсілді қолданған сабақ барысын бақылау туралы өтініш білдірді. Бұл кезең, даулы проблемаларды қарау әдістері туралы түсініктің кеңеюі, әдебиетте жарияланған пікірлерді оқу және оларды басқа пәндер оқытушыларымен талқылау кезінде іске асатынын анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде мұғалім өз қызығушылықтарының саласын түзетіп, жаратылыстану цикл пәндерінде пікірталастар өткізу және оқушылардың проблемасы - пән бойынша күрделі мәтіндерде кездесетін даулы проблемаларды қалай талдай білу қиын екенін түсінді. Әдебиеттерді зерттеу және басқа пәндерді оқыту саласында жұмыс істейтін әріптестермен талқылау маңызды рөл атқарды және мұғалімге бастапқы проблеманы қайта құруға көмектесті.
Ары қарайғы бөлімдер рецензияланатын журналдан (Tsafos, 2009) алынған нақты сыныптағы іс-әрекетті зерттеуді жүргізудің өзекті мысалын көрсетеді.
1-мысал зерттеу авторлары зерттеу проблемасын анықтауға көмектескен проблеманы
қалай анықтағанын көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |