Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет79/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістерін түсіндіріңіз.
2. Педагогикалық бақылау жүргізуді түсіндіріңіз.
3. Эксперимент қалай жүргізіледі?
Практикалық сабақ 9
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны.


9.1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері.
Жоғарғы оқу орныдарындағы студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орын алады.
Сабақтастық және өзара байланыс принципін сақтау студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері:

  • Жеке тұлға ретінде қалыптасуын;

  • Шығармашылық ойлау және теориялық мәселелер мен практикалық мәселелерін шығармашылықпен қарауын;

  • Студенттерге мамандықты терең және жан-жақты меңгеруіне көмектесуін;

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарында студенттердің өз бетінше жұмыс жүргізу жағдайларын;

  • Теориялық білімді өзінің практикалық жұмыстарға қолдану қабілетін;

  • Үнемі өзінің білімін және біліктілігін жетілдіруге қажеттелігін табысты шешілуін қамтамасыз етеді.

9.2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістер мен формалары.
Студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары формасын әдістемелік мақсатта шартты түрді екі категорияға бөлуге болады:

  • Оқу үрдісінде ендірілген СҒЗЖ формалары;

  • Сабақтан тыс уақытта орындалатын СҒЗЖ формалары.

Оқу үрдісі аясында оқу жоспарына ендірілген СҒЗЖ-ның негізгі жұмыс істеп жүрген формасы оқу-зерттеу жұмысы болып табылады.
Бұлар:

  • Курстық және дипломдық жұмыстарда ғылыми-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау;

  • Лобараториялық жұмыстар барысында зерттеу элементтері бар сипаттағы тапсырмаларды ендіру;

  • Педагогикалық практика барысында СҒЗЖ жасау;

  • Берілген тақырыпта ғылыми рефераттар дайындау;

  • Оқу-ғылыми семинарлар және тақырыптық оқу конференцияларын ұйымдастыру;

  • Шығармашылық ізденіс элементтері бар тапсырмалар, баяндамалар дайындау болып табылады.

Сабақтан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар формалары:

  • Студенттік ғылыми үйірмелердегі жұмыстар;

  • Шаруашылық-келісімдік, мемлекеттік-бюджеттік, өндіріс орындары мен келісімшарт жөніндегі жұмыстары;

  • Студенттік конструктор барысындағы жұмыстар;

  • Техника, ғылым және мәдениет бойынша білімдерді таратуға лекторлық оқулар;

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауға маңызды орынды көпшілік-ұйымдық іс-шаралары алады. Олар:

  • Студенттердің ғылыми жұмыстар байқауы;

  • Студенттердің ғылыми конференциялары;

  • Студенттердің ғылыми-шығармашылық жұмыстары көрмесі;

  • Әртүрлі пәндер бағытындағы олимпиадалары;

  • СҒЗЖ жұмыстарының ең жақсы ұйымдастырылған кафедраларының байқауы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет