Конспект,Эссе,
Жеке танысты-рылымы,
топтық жоба, және басқа.
80
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Барлығы
100
100
100
100
100
100
100
100
100
100
100
Білім алушының БАӨЖ бағалау критерийлері:
№
Бағалау критерийлері
Балл (max)
апталар
Барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
1
Глоссарий
25
+
+
+
+
100
2
Топтық жұмыс, презентациялар
50
+
+
100
3
Жоба
100
+
100
VI. ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Білім алушылар пәнді игеру барысында келесі ережелерді қадағалаулары тиіс:
1. Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.
2. Сабақтардың бекітілген кестесінде көрсетілген уақытта қатысу және уақытынан бұрын шығып кетпеу.
3. Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.
4. Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Прокторинг арқылы аралық бақылаулар, емтихан өткізу кезінде көшіру, шпаргалкалар пайдалану, басқа біреулер шығарған есептерді көшіру, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол беру және пәннің кез келген ақпаратын бұрмалау, интернетке рұқсатсыз кіру фактілері анықталған жағдайда білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.
Өзіндік жұмыстарды орындау (БАӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Дәріс 1. Тақырыбы: Зерттеу түсінігі. Зерттеу мәселесі, тақырыбы, мақсаты, сұрақтары
Зерттеу түсінігі.
Ғылыми зерттеу жалпы алғанда ғылыми таным мен ғылымның өмір сүру және даму
формасы болып табылады. Ғылыми зерттеу - бұл жаңа ғылыми білімді әзірлеу процесі, объектіні, процесті немесе құбылысты, олардың құрылымы мен байланыстарын жан-жақты зерттеуге, сондай-ақ адам үшін пайдалы нәтижелерді алуға және практикаға енгізуге бағытталған танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі.
Ғылыми зерттеу дегеніміз шындықты мақсатты түрде тану. Оның нәтижелері түсініктер мен заңдар және теориялар жүйесі ретінде көрініс табады. Ғылыми зерттеуді сипаттаған кезде, әдетте оның келесі ерекше белгілерін атап өтеді:
− міндетті түрде мақсатты процесс, яғни саналы мақсатқа, анық тұжырымдалған
міндеттерге қол жеткізу;
− шығармашылыққа, беймәлім құпияны ашуға, бірегей идеяларды ұсынуға,
қарастырылатын мәселелерді жаңадан қайта қарастыруға бағытталған процесс;
− жүйелі процесс: мұнда зерттеу процесінің өзі де және оның нәтижелері де реттеліп, жүйеге келтірілген; оған жасалған тұжырымдар мен қорытындылар қатаң түрде дәлелденеді (Кадыров А.С., Кадырова И.А., 2015; Хомякова И.Г., 2013; Маюрникова Л.А., Новосёлов С.В., 2009; Мигуренко Р.А., 2007).
Педагогикалық (дидактикалық) зерттеу – жаңа ғылыми білім алу мақсатында мәселелерді анықтау және оларды шешу бағытталған әрекет. Қазіргі мұғалім үшін зерттеу жұмысы оның кәсіби дамуының ажырамас бір бөлігіне айналды (Шклярова О. А.).
Зерттеу мәселесі, тақырыбы, мақсаты, сұрақтары
Кез-келген педагогикалық зерттеу келесі жалпы қабылданған әдіснамалық параметрлерді анықтауды қажет етеді: зерттеу мәселесі, тақырыбы, объектісі мен зерттеу саласы, мақсаты мен міндеттері, болжамы және негізгі қорғалатын тұжырымдар ретінде қарастырылатын нәтижелері. Педагогикалық зерттеу сапасының негізгі критерийлері:
− өзектілігі;
− жаңалығы;
− теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы дәстүрлі түрде екі бөлімге бөлінеді:
• әдіснамалық – тақырыптың өзектілігін негіздеу, проблеманы тұжырымдау, зерттеу нысаны мен пәнін, мақсаттары мен міндеттерін анықтау, негізгі ұғымдарды (категориялық аппаратты) тұжырымдау, зерттеу нысанын алдын ала жүйелі талдау және жұмыс болжамын ұсыну;
• процедуралық-зерттеудің стратегиялық жоспарын, сондай-ақ бастапқы деректерді жинаудың және талдаудың жоспары мен негізгі рәсімдерін ашу.
Өзектілікті негіздеу оқыту мен тәрбиелеу теориясын және практикасын одан әрі дамыту үшін проблеманы уақытылы зерделеу, шешу қажеттілігі туралы тиісті нұсқау көрсетуді қамтиды. Өзекті зерттеулер қазіргі уақытта күрделі мәселелерге жауап береді, қоғамның педагогикалық ғылымға деген әлеуметтік тапсырысын көрсетеді, тәжірибеде орын алған маңызды қарама-қайшылықтарды анықтайды. Жалпы алғанда өзектілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) деген сұраныс пен қазіргі уақытта ғылым мен тәжірибе бере алатын ұсыныстар арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайтын ең сенімді негіз - шұғыл, қоғамдық маңызды мәселелерді көрсететін, кідіріссіз шешуді талап ететін әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыпты негіздеуді талап етеді.