2. Ақпараталу әдістері 2.1 Сапалық және сандық ақпарат Психологиялық-педагогикалық ғылым әлі де сипаттамалық, эмпирикалық болып қала береді, сондықтан педагогикалық экспериментте ақпараттың негізгі түрі болып сапалы, мазмұнды ақпарат саналады.
Қандай да бір объектінің (процестің) сапасы оның жалғыз, тұрақты қасиеттері болып табылады, соның арқасында ол осы объектіге айналып отыр. Осылайша, объект туралы сапалы ақпарат оның мәні мен мазмұнын көрсетеді және оның сипаттамасы үшін өте қажет.
Педагогикада сапалық сипаттамалармен (параметрлермен) оқыту мен тәрбиелеудің барлық процестері мен нәтижелері, барлық қызмет түрлері, педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынасы, жеке тұлғалар мен ұжымдардың дамуындағы барлық жетістіктері сипатталады. Педагогиканың негізгі заңдылықтары мен принциптері сапалы формаға ие.
Қоршаған ортаның сандық сипаттамасы оның танымының жоғары деңгейін білдіреді. Сан – бұл таным объектісінің объективті анықтығы, соған байланысты оны біртекті бөліктерге бөлуге болады. Сандық сипаттамалар процестерді, суреттемелік-логикалық сипаттамаларға қарағанда, әлдеқайда тереңірек талдауға, әртүрлі сапаның байланыс шамасының бар болуын анықтауға және бағалауға, заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Сан мен сапа бір-бірімен тығыз байланысты: олар бір-бірін диалектикалық түрде өзара толықтырады және бір-біріне айнала алады (санның сапаға өту заңы). Кез келген сапалы ақпаратта әрқашан қандай да бір сандық ақпарат болады.
Мысал. Педагогикада «қабілеттірек, тәрбиелірек» секілді салыстырмалы сипаттамалар «көп-аз» деген сандық қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ біз «не және қаншалықты көп» дегенге жауап беруге әзірге қиналамыз.
Психологиялық-педагогикалық құбылыстар мен процестердің құрмдастары, параметрлері әрқашан да бір-бірімен белгілі бір қатынаста болатындығы да анық. Және осы параметрлер мен арақатынастарды сандық түрде көрсете алғаннан кейін, математикалық талдаудың қуатты аппаратын қолдану мүмкіндігі пайда болады.
Өкінішке орай, сандық әдістердің педагогика мен психологияға және тәжірибеге енуі келесі жағдайларға байланысты қиындайды:
• психологиялық-педагогикалық параметрлерді сандық бағалаудың барабар әдістері
мен құралдарының пысықталмауы және жиі болмауы;
• педагогикалық процестердің өте күрделілігі.