Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет23/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99
2.2 Педагогикалық өлшемдер
Сонымен, ақпаратты жинау және педагогикалық эксперимент кезіндегі негізгі әдістемелік проблема зерттелетін объектілер мен процестердің сапасын сандық бағалау немесе оларды өлшеу болып табылады.
Дәлдік ғылымдарда өлшеу берілген шаманы бірлік (эталон) деп қабылданған біртектес шамамен салыстырудан тұрса, психологиялық-педагогикалық параметрлер үшін мұндай эталондар жоқ. Оған қоса, психологиялық-педагогикалық параметрлердің көпшілігі (белгілері, сапасы, қасиеттері, факторлары) жасырын (латентті) болып табылады, олар туралы тек олардың көріністері бойынша жанама түрде ғана, яғни барынша жақындата айтуға болады.
Мысал. Шығармашылық қабілеттілікті тестілеу деректерінің (дұрыс шешімдердің жиынтығы) тест өлшейтін сандық шамамен толық сәйкес келе алмайтындығы айқын.
Педагогикалық өлшем деп белгілі бір ережелерге сәйкес объектілерге және олардың қасиеттеріне сандарды беру операциясынатаймыз. Педагогикалық экспериментте өлшеуіш шкала деп аталатын әр түрлі ережелермен байланысты өлшеудің төрт негізгі тәсілі қолданылады (номиналды, реттік, аралық және қатынас шкаласы).
1. Номиналды шкала (атаулардың шкаласы), бұл шкаланы өлшеу емес, жіктеу деп санаған дұрысырақ болады, ол барлық объектілерді қандай да бір белгі (айырмашылық) бойынша топтарға бөледі. Бұл белгілерге белгілі бір сандар (код) беріледі, бұл эксперименттік деректерді одан әрі өңдеу кезінде ыңғайлылық тудырады. Номиналды шкалада объектілер арасында ешқандай сандық ара қатынас жоқ.
Мысалдар:
1) сынып оқушылары екі санатқа бөлінеді және былай белгіленеді: қыздар – 01, ұлдар – 02;
2) тәртіпті бұзушылар тобы және олардың белгіленуі (кодтау): сабақта – 1, көшеде – 2, үйде – 3.
2. Реттік шкала (ранг шкаласы) әр түрлі объектілердің қандай да бір белгісінің немесе қасиеттерінің айырма дәрежесін өлшеуге (белгілеуге) арналған. Реттік шкаланың ең жарқын мысалы – оқушылардың білімін, қабілетін және дағдыларын бағалаудың бес балдық жүйесі. Ол үшін өлшемшарттар мен әртүрлі өлшеу әдістері әзірленді. Тұлғаның басқа сапаларын сандық бағалау үшін (тәрбие процесінде) реттік шкаланы қолдану өте қиын. Мұнда реттік шкалалаудың (өлшеу) бірнеше түрі бар:
• саралау (қатарға),
• топтастыру (топтар бойынша саралау),
• жұптық салыстыру,
рейтинг әдісі,
• кереғар бағдарлар әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет