Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары» 6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет26/43
Дата06.01.2022
өлшемі91,32 Kb.
#14173
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
Жаңа ақпараттық технология

Дәріс №11,12

Тақырыбы: Жобалап оқыту технологиясы

Жоспар:



1. Жобалап оқытудағы технологияның тиімділігі.

2. Оқыту әдістемесінің салалары.

3. Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарттары
Жобалап оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі магистранттың жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дауымен байланысты анықталады. Жобаны орындау барысында магистрант пен студенттің қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы үдерісте магистрант пен студенттің ерік жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі.

Бұл технология қазақ тілін үйренуші магистранттың дүниетанымдық көзқарасы адамгершілік қасиетімен тоғысқан жеке тұлға ретінде, кәсіби маман ретінде қалыптасуына қызмет етеді. Жаңа кезеңде жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері бар.

Біріншіден, бұл технология – кредиттік оқу жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндігі мол технология. Кредиттік оқу жүйесінде магистранттың өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, жобалай оқыту технологиясы мен кредиттік оқу жүйесінің өзара бірлігі айқын байқалады.

Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол магистранттың қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлеледеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет. Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығармашылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзарар ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Соған орай бүгінде оқыту жүйесінде жаңаша оқыту технологиясы деген сөз жиі қолданыста жүріп жатыр делік.

Жаңаша оқыту деген мәселе оқу жүйесін мүлдем өзгерту, бүкіл мазмұнды жаңарту емес. Бар дүниені тірек етіп, соның мазмұнын толықтыру, жаңаша қарап жаңарту, жаңаша оқыту. Жалпы, оқыту әдістемесінің үлкен екі саласы бар. Оның:

1) Педагогиканың дидактика мәселелері.

2) Оқытылатын негізгі обьектілер.

Оларға бұл тараптан тілдің теориялық салалары жатады. Бұл мейлі таза тереңдетілген қазақ тілі болсын, мейлі басқа тілді аудиторияда оқытылатын қазақ тілі болсын немесе ауызекі сөйлеу, тіл дамыту болсын т.б.

Міне, осы обьектілердің қайсысын болса да, оқыту барысында дидактиканың жалпы мәселелеріне сүйенеді. Ал оларға не жатады? Оның негізгі жататын обьектісі сабақтың тақырыбы деп алатын болсақ, енді сол тақырыптың ғылыми мақсатын қою мәселесі ойластырылады. Ол сабақтың біліктілігі, ал тақырыпқа келетін болсақ, оның обьектісі немесе өзіндік белгілері алынады. Яғни, енді әдістемелік жағы бойынша бұл тақырыптың мазмұнынан нені білгізу, неге көңіл бөлу, нені анықтау керек екенін оқытушы анықтап ойланады. Негізгі көңіл бөлетін мәселелерді тақырыптан тауып белгілейді. Сабақтың ең негізгі мақсаты мен міндеті де осы болады. Мақсаты мен өзіндік белгісінен кейін қалай оқыту, немен оқыту технологиясын қарастырылады. Сонымен сабақтың негізгі мақсатын қоюдың үш кезеңі де анықталады. Бұл жерде сабақ мақсатының қалған екі түріне (дамытушылығы мен тәрбиелілігіне) тоқталмай-ақ қоялық, ол баршасына белгілі мәселе, бізде практика жүзінде тақырыптың мақсатын қоюда ғылыми біліктілігіне нақты көңіл бөлмей, тек үстіртін және жалпылама түрде ғана жүріп жататыны бүгінге дейін бар. Сондықтан бұл жерде тек сабақтың ғылыми мақсатын қою ғана әңгіме етіледі. Келесі мәселе, қойылған мақсатты орындау үшін не істелінуге тиіс, қалай оқытуға, түсіндіруге болады деп магистранттар мен студенттердің ақылына ғылыми жағын ұялатудың, түсіндірудің жолдары ойластырылады. Мақсат қоюдың ең негізгі тақырыптың ғылыми өзіндік белгілерін анықтап көрсету болып келеді де, соны түсіндірудін жолын іздестіру болады. Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:

1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;

2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пәннен магистранттың кепілді дайындығы болу принципі;

3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі;

4. Жоғарғы оқу орнындағы кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста үйлесімді пайдалану принципі;

5. Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі;

6. Жоғарғы оқу орнының мұғалімдері мен студенттерінің магистранттардың оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;

7. Магистранттардың жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері;

8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;

9. Әр магистрант жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі. Сонымен, педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді, біртұтас педагогикалық үрдісті практика жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы – барлық білім беру жүйесін модернизациялау үрдісінің негізін қалаушы әдістемелік құжат ретінде қазіргі тенденцияларды ескереді. Ғылым мен білімді дамыту біз үшін аймақтық және әлемдік деңгейде лайықты орын алу тәсілі, ұлттық қызығушылықты дамытуға, әлемдік білім беру кеңістігінде интеграция формасын кеңейту болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет