Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі



бет24/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Өтініш дегеніміз: өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша,ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу.

Ұсыныс-адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы.
Арыз-адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініш - хаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымда тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау.
Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын,бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою,сондай ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.

Сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш. Үн қосу - адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары: Азаматтардың әкімшілік-құқыктық мәртебесінің негіздері және онын элементтерінің түсінігі.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің жіктелуі.Азаматтардың құқыктарының әкімшілік-құқыктық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардын түрлері қалай жүзеге асырылады? Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың қандай түрлері бар?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі 2014.31-шілде
2.Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
3.Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
4.Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.М.Қызылов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
6.Е.Баянов Әкімшілк құқық -сызба-2003
3 тақырып Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет