Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Азаматтардың азаматтық құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері. ҚР-сы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз



бет22/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

1.Азаматтардың азаматтық құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері. ҚР-сы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін қамтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесі ҚР-ның Конституциясымен, қолданып жүрген қазақстан заңнамаларымен айқындалады. Азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің бірнеше түрі бар. Біріншіден, оның күрделі сипаты бар яғни адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары. Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мыс.арыз жазу құқығы), не тек міндеттер ғана ( мыс.жол жүру ережесін сақтау) , не құқықтар мен міндеттер болады ( мыс.шағым бару құқығы және айыппұлды төлеу міндеті). Үшіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады. (мыс. аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды). Төртіншіден, әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді(мыс. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау міндеті), азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді( мыс. Автомобиль көлігін жүргізушілерге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясына сай жүзеге асырылады. Мыс. Еңбек ету құқығы (Конституцияның 24-бабы), әлеуметтік қамсыздандыру (Конституцияның 28-бабы),денсаулық сақтау (Конституцияның 29-бабы), Мемлекет ісін басқаруға қатысу (Конституцияның 33-бабы), Әркімнің өмір сүру құқығы (Конституцияның 18-бабы), Еркін жүріп тұру құқығы (Конституцияның 21-бабы) бар. Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқықтық актілермен белгіленетін және кепілденетін құқықтары бар. Конституциялық құқықтардан басқа азаматтар тікелей мемлекеттік басқарушылық қызмет аясында жалпы және нақты сипаты бар бірнеше өзге де құқықтарды пайдаланады. Бұл құқықтар заңдармен де, атқарушы биліктің өкілетті органдарының заңға тәуелді нормативтік актілермен де тағайындалады және кепілдендіріледі. Егер азаматтар өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда жауапкершілік туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет