Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары



бет27/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары: Атқарушы билік органдары дегеніміз не? Атқарушы билік органдарының түрлері атаңыз. Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің қандай өкілеттіліктері бар? Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі қандай? Жергілікті атқарушы билік органдарының түсінігі.

Ұсынылған әдебиеттер:
1. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі 2014.31-шілде
2.Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
3.Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
4.Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.М.Қызылов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
6.Е.Баянов Әкімшілк құқық -сызба-2003
4 тақырып. Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік -құқықтық мәртебесі


Дәрістің мақсаты: Мемлекеттік қызметтің түсінігі, оның нормативтік құқықтық негіздері туралы түсінікті қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Мемлекеттік меншіктің ерекше объект ретіндегі мәртебесін айқындау.

Глоcсарий: Мемлекеттiк органдар - мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару, әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру, мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер.

Жоспар:
1.Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері.
2.Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.


1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері. Ғылыми және құқықтық оқулықтарда мемлекеттік қызметті кең және тар мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындаудан көрінісін табады; тар мағынада - бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы тар мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі, - делінген. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметшінің түсінігі берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы табылады. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатпайды(мысалы, архивариус, кітапханашы, комендант, лаборант, әдіскер және т.б.). Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі белгілейді. Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметтің қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеалдар, басшылыққа алынатын бастамалар. Принциптері:Заңдылық, Қазақстандық патриоитизм, мемлекеттік өкіметтің заң шығару және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің бір тұтастығы. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы. Жалпы қол жетімділік, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярылғына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатылуға тең құқығы. Азамматрдың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді оырндаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет