Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс



бет41/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
1.Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары, құрылымы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны ӘҚБтК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, снодай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі ӘҚБтК-пен реттеледі және айқындалады. Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі ӘҚБтК-тің ережелерімен және ҚР-ның Қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен ҚР-ның Азаматтық іс-жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады.

2.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары. Әкімшілік өндірістің негізгі сатыларына мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау; ақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға: уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы; құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар; жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздеме болады.

3. Әкімшілік рәсімдік-процестік қатынастардың реттелуі

Әкімшілік рәсімдердің міндеттері:


жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; 

тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету;


жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады. Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады. Мемлекеттік органдардың осы Кодексте көзделген ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде реттелмеген бөлігінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің;
3) Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының және соттары кеңселерінің;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің;
6) Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары аппараттарының;
7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
Белгіленген әкімшілік рәсімдердің тәртібі:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы, Жоғары Сот Кеңесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында;
3) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау түрлерін жүзеге асыру тәртібі бөлігінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі бөлігінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында;
5) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі туралы, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзету іс-шараларын жүргізу жөніндегі заңнамасында қарастырылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет