Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі



бет39/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
3.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі. Әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзу әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқтырады, олардың бір түрі әкімшілк жазалар болып табылады. Нақ осы соңғылар, алдын алу, жолын кесу шараларынан және процессуалдық шаралардан айырмашылығы, әкімшілік жауапқа тартылғанның нәтижесінде қолданылады. ӘҚБтК - тің 45-бабынды әкімшілік жазалардың мынандай түрлері белгіленген: Ескерту жасау; Әкімшілік айыппұл салу; Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою; Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; Арнаулы құқықтан айыру;Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан,біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе белгілі бір іс әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу; Заңсыз салынып жатырған немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; Әкімшілік қамауға алу; Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

4. Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 69-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатудың ескіру-мерзімі белгіленген. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2-ай өткеннен кейін, ол қоршаған ортаны қорғау саласында -6 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай ақ салық салу, ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін, оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Ал заңды тұлға осындай құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жасалған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде (Мыс. әскери есепке тұру ережесін бұзғанда, тіркеусіз тұрып жатқанда, т.б.) , сондай ақ қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, адам, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап, 2-ай өткеннен кейін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда, судья немесе істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға ауызша ескерту жасап, ол адамды әкімшілік жауаптан босатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет