Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары



бет37/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары: Әкімшілік мәжбүрлеу дегеніміз не? Әкімшілік мәжбүрлеудің қағидалары қандай? Әкімшілік мәжбүрлеу қалай жіктеледі? Әкімшілік мәжбүрлеудің мақсаты неде? Қандай әкімшілік мәжбүрлеудің түрін білесіз?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі 2014.31-шілде
2.Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
3.Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
4.Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.М.Қызылов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
6.Е.Баянов Әкімшілк құқық -сызба-2003
9 тақырып. Әкімшілік жауапкершілік


Дәрістің мақсаты: «Әкімшілік жауапкершілік» туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әкімшілік жауапкершіліктің басқа жауапкершілік түрлерінен айырмашылығын көрсету.

Глоссарий: Әкімшілік жауаптылық -занды бұзғаңдық үшін белгіленетін жауаптылықтың түрі. Әкімшілік жауаптылыққа әкімшілік қатынастарды реттейтін қүқықтық ережелерді бұзған адамдар тартылады

Жоспар:
1.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері.
2.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.
3.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.
4Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері
5.Кәмелетке толмағандардың әкімшіліктік жауаптылығы


1.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері. Әкімшілік жауапкершілік-заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауапкершілікке тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Сонымен бірге заңдық жауапкершіліктің жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауапкершілікке сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауапкершіліктің нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналардан көрінеді: Әкімшілік жауапкершілік заңмен де, заңасты актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері адамдар немесе ұжымжық құрылымдар болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет