Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Әкімшілік қадағалаудың түсінігі



бет45/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
4.Әкімшілік қадағалаудың түсінігі. Қадағалау атқарушы билік органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету ретінде белгіленеді. Қадағалаудың үш түрі бар: Әкімшілік қадағалау; Сот тәртібімен қадағалу; Прокурорлық қадағалу. Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын әзірлейтін және оның орындалуын жүзеге асыратын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады. Жергілікті әкім өзінің құзыретіне жататын тиесілі мәселелер бойынша тиісті аумақтағы барлық заңды тұлғалар (меншік нысанына қарамастан) лауазымды тұлғалар, сондай-ақ барлық азаматтар орындауға міндетті қаулылар мен өкімдер қабылдайды.Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.

5.Прокурорлық қадағалау. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме - дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл оның негізгі функциясы. Қадағалаудың мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын, заңдылықтың бірінғайлығы мен нығайтылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай - ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету. Прокурорлық қадағалаудың мәні прокурорлардың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың заңдары бұзуын табу, жою және алдын ала сақтандыру жөніндегі іс - қимылдарынан тұрады. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас прокурорына бағындыра отырып, біріңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Президентке ғана есеп береді. Атқарушы билік органдарының қызметіне прокурорлық қадағалаудың (жалпы қадағалау деп аталатынның) тақырыптары «ҚР-ның прокуратурасы туралы» 1995 ж. 21- желтоқсандағы заңмен белгіленген. Бұл, біріншіден, министрліктер мен ведомствовалардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының, әскери басқару органдарының, бақылау органдарының, олардың лауазымды адамдарының заңдарды орындауы және, екіншіден, олардың шығарған құқықтық актілерінің заңдарға сәйкес болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет