Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет21/69
Дата15.11.2023
өлшемі437,3 Kb.
#123666
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
Педагогика факультеті

Әдебиеттер:


  1. Перова Н.М. Методика преподавания математикти во вспомогательной школе.

М., 2001 г.

  1. Эк В.В. Обучение математике в младших классах вспомогательной школы.

Просвещение М., 1990.

  1. Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002.

  2. Программы по математике для коррекционных школ 7-го, 8-го вида. Алматы.,

2002 г.



  1. Стабильные учебники математики для вспомогательной школы.

  2. Моро М.И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в 1-3 классах. М.,

Просвещение, 1998.

  1. Сүлейменова Р.А., Елисеева И.Г., Карипжанова Ш.Ж. Б19 Математика. Арнайы мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет.

20 ШАМАСЫНДАҒЫ САНДАРДЫҢ НӨМІРЛЕУІН ЖӘНЕ ОЛАРМЕН АРИФМЕТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫ ОРЫНДАУЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ




Аннотация 20 шамасындағы сандардың нөмірлеуін оқыту мазмұнымен міндеттері. 20 шамасындағы сандардың нөмірлеуін оқыту әдістемесі және жүйесі. 20 шамасындағы сандарды арифметикалық қолданылатын әдістер мен тәсілдері.
20 шамасындағы сандарды оқу кезінде қолданатын көрнекі және дидактикалық жабдықтар.
Арнайы мектеп оқушыларының 20 шамасындағы сандардың нөмірлеуін және олармен арифметикалық амалдарын орындауда кездесетін қиыншылықтары және ерекшеліктері.
Кілт сөздер: 20 шамасындағы сандардың нөмірлеуін оқыту әдістемесі және жүйесі.
20 шамасындағы сандарды оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдері.


Жоспар:


  1. 20 және 100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытудың міндеттері.

  2. Номерлеуді оқытудың әдістемесі.

  3. Арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі.

Сандармен танысқан кезде сандар баспалдағымен жұмыс жүргізіледі. Баспалдақтың бір сатысы 1 санымен белгіленеді, екі саты-2 санымен, үш саты-3 санымен белгіленеді. Оқушылар баспалдақпен «көтеріліп», «түсіп» санайды. Одан кейін санның сандар қатарындағы орны анықталады. Мысалы 4 цифры 3 цифрынан кейін тұрады, өйткені санаған кезде 4 саны 3 санынан кейін тұрады. Оқушылар 4 саны 3 санынан кейін, 5санының алдында тұратынын білуі қажет.


Балалар санның « көршілерін» атайды. Мысалы 3 санының көршілері -2 мен 4 сандары, 3 пен 5 сандарының ортасында 4 саны тұрады. Бұл кезеңде сандарды заттар топтары арқылы көрсеткен жөн.
Одан кейін тек ауызша айту бойынша ғана тапсырмалар орындалады. Мысалы, сандарды рет-ретімен 1-ден 5-ке дейін жаз, 4-тен 1-ге дейін жаз, жазылмаған цифрларды жаз, санның көршілерін ата.
Тура және кері санау. Санның пайда болу амалымен танысқан соң оқушылар осы сан көлемінде санауды үйренеді. Ең алдымен мұғалім оқушыларға затты қолына алып, содан кейін жылжытып қоюды үйретеді. Сонан соң оқушылар әр затқа саусағын тигізіп санайды, содан кейін ғана затты көрсетіп санайды. Жаттығулардың бәрінде оқушылар дауыстап санайды. Дауыстап санап үйренгеннен соң ғана ішінен санайды. Заттарды әрбір рет санап шыққаннан кейін мұғалім «Қанша?»-деген сұрақты қойып отырады.
Заттарды солдан оңға қарай ғана санамай, оңнан солға қарай, төменен жоғарыға қарай санаған жөн. Осындай әркеттерден кейін оқушылар шашылып қойылған заттарды сануды үйренеді. Оқушылар алдымен заттарды бір-бірлеп санаса, кейін заттарды бірдей санды топтармен санауды үйренеді -2,3,4,5-тен.
Мұғалім оқушыларға заттар санын санаумен ғана емес, көз мөлшерімен танып, атауды да үйретеді. Мысалы, санамай 3 саусақты көрсету, көрсеткен саусақтар санын атау.
Кері санау оқушыларға қиын болғандықтан кері санауды заттарды ғана алып жылжытып қойғаннан бастаған жөн. Мысалы, «Қарындаштарды санайық». Оқушы санап шығып барлығы «Барлығы 5 қарандаш «деп жауап береді. 1 қарандашты қорапқа салайық 4 қарандаш қалды. Тағы да 1 қарандашты қорапқа салайық 3 қарандаш қалды т.б.
Оқушыларға 1-ден бастап қана емес қай саннан болса да берілген санға дейін санауды үйрету қажет.
Арнайы мктептің 1-ші сыныбына жасалған оқушылардың құрылымы әр түрлі.Орта мектепте оқуды бастаған балалардың біразы бұрын сауат ашу орынды болмаған. Балалардың көпшілігі заттардың түсін,оң мен солын ажырата алмайды. Заттардың қасиеттері түр түсініктері өте төмен. Ойлау салыстыру қаблеттері жетілмеген, сөйлеу тілінің кемістіктері бар.
Қазіргі таңда оқулық бойынша дайындық кезеңінде берілген сабақтардың саны көбейтілген.
Бас кезінде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын түсінбейді, берілген заттарды салыстырудың орнына олармен ойнап отырады.
Математика сабақтары басқа пән сабақтарымен тығыз байланысты болғаны қажет. Сабақтан тыс уақытта да оқушылардың білімін бекіткен, тереңдеткен дұрыс. Мысалы, ойындар өткізген кезде балалар заттардың түсін, өлшемін айтып жеткізеді. Әр сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың назарын тақырып бойынша айналадғы заттарға аударып отыруы қажет. Кейбір түсініктерге бағдарлама бойынша бөлек сағат берілмейді, бірақ осы түсініктер қайталанып бекітіледі.
Бірінші сыныпта сабақтың ұзақтығы 35 минут. Қалған уақытта мұғалім оқушылармен ойындар өткізеді, келесі сабаққа дайындайды. Әр сабақта екі рет сергіту сәті өтеді, тапсырмалар ойын түрінде өткізіледі, келесі сабаққа дайындайды. Геометриялық материал бойынша тақырыптарға жеке сабақ арналмай әр сабақта жұмыс жүргізген жөн. Сабақтарда мұғалім әр түрлі әдістер қолданады. Практикалық және оқулық бойынша жұмыс жүргізілген соң, жұмыс даптері бойынша тапсырмалар орындалады.
Бірінші сыныпта математика пәнінің ең басты мақсаты-оқушыларда заттар топтарының арасында өзара бірмағыналы сәйкестіктерді орнатуға дәлелдеуге үйрету. Сабақтарда пайдаланатын заттарды оқушылар көріп ғана қоймай, қолдарына ұстап көруі тиіс.
1- Екінші концентрдің материалын 2 және 3 сыныптың басында оқиды. 20 шамасындағы сандармен 2 сыныпта таныстырады. Бірінші 11-ден 20 дейінгі сандардың номерленуін оқиды, ал III тоқсаннан бастап разрядтан өтпей 20 шамасындағы сандармен қосу және алу амалдарын орындауды өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет