Міндеттері: Оқушылардың сан туралы, натуралды сандар қатары туралы түсінігін кеңейту.
20,100 шамасындағы сандарды санау дағдысын қалыптастыруды жалғастыру (тура, кері, берілген саннан берілген санға дейін).
Жаңа есептеу бірлігі ретінде, жаңа ? ретінде ондықты белгілеу арқылы есептеу жүйесінің қағидалары туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік.
Санның ондық құрамымен таныстыру, бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.
11-ден 20-дан 100 дейінгі сандарды цифрмен белгілеуді үйрету.
Екі таңбалы сандағы цифрдың орнының қағидасы туралы түсінік беру.
Оқушыларда 20, 100 шамасындағы сандармен ауызша есептеу тәсілдерін қалыптастыру.
Екі таңбалы сандағы әр цифрдың орнының мағынасын түсінбейді, орындарын ауыстырады (алдымен бірлікті содан кейін ондықты жазады). Мысалы: он екі - 21 12.
Санның ондық құрамын талдауда қиналады.
Келесі заңдылықты қиындықпен меңгереді: 10 бірліктен - жаңа бірлік құрылатынын.
Пайдаланатын көрнекі-практикалық материалдар: жеке және ондықтарға арналған санақ таяқшалары; арифметикалық жәшіктегі брусоктар мен кубиктер; есеп шоты; жолақшалар мен квадраттар; абак; разрядтық кесте; цифрлық касса; санауға арналған түрлі заттар.
100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытқанда міндетті түрде келесідей көрнекі дидактикалық материалдар қолданылады: ондықтарға буылған 100 таяқша; арифметикалық жәшік; абак; метрлік сызғыш; квадрат 100 (10x10); разрядтық кесте; цифрлы касса және қосылған сандармен, ондықтар және бірліктермен карточкалар.
-2-11-ден 20-ға дейін әр санмен бөлек таныстырамыз. Әр санды оқытуға бірнеше сабақ беріледі. 20 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытуда келесі сұрақтар қарастырылады.
«Ондық» деген түсінікті қайталау.
Санның құрылуы.
Санның ондық құрамы.
Санды жазу.
Екі таңбалы санда әр цифр орнын бекіту.
Сан қатардағы санның орны.
Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру.
Сандарды салыстыру.
«Ондық» деген түсініктіқайталау.
Кең түрде ондықты және бірліктерді білдіретін көрнекіліктерді пайдалану қажет.
Мысалы:
Таяқшаларды сана. Қанша?
Он таяқша бір бірден жеке-жеке бірліктерді білдіреді.
Енді буындар. Бұл тұтас бір ондық болып табылады.
Санныңқұрылуы.
Санның құрылуының жолы қарастырылады. Негізгісі біріншісі болып табылады: