Санның ондық құрамын анықтау кезінде сандағы ондықтар мен бірліктері анықталады. Мысалы сұрақтар:
13 санында неше бірлік бар?
13 санында неше ондық бар?
Сандыжазу.
Екінші ондықтағы сандарды жазуға үйретуде есеп шотымен, разрядтық кестемен жұмыс жасаған тиімді. Оқушылардың назарын 13 санының жазылуы қалай пайда болғанына аудару керек: алғаш ондықтарды жазамыз, содан кейін бірліктерді.
Екі таңбалы санда әр цифр орнынбекіту.
13 санын жазуға бізге неше цифр керек болды?
ол қай цифрлар?
13 санындағы 3 цифры нені білдіреді?
осы сандағы 1 цифры нені білдіреді?
13 санында бірліктер қай орында тұрады? (оң жақта бірінші)
ондық қай орында орналасқан? (оң жақтан екінші)
Мұндай сұрақтар қою арқылы екітаңбалы сандағы цифрлардың орындарының маңызын бекітеміз.
Сан қатардағы санның орнын келесі сұрақтар арқылыбекітеміз.
13 саны қай саннан кейін тұрады?
13 саны қай санның алдында тұрады?
Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: санға бірнеше затты таңдап алу, керісінше бірнеше затқа соған сәйкес санды таңдау. Мысалы, мен қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсындар. Мысалы тапсырмалар:
Берілген санға сәйкес цифрді таңда.
Мен қанша сан көрсетемін, сен соншалықты заттар қойып шық.
Сандардысалыстыру.
Балаларды салыстыруға үйретуде шартты түрде 3 кезеңнен өтеміз:
кезең: көрнекі құралдарды қолдану арқылы сандарды салыстырамыз (бумалар мен таяқшалар, брусоктар мен кубиктер, жолақшалар мен квадраттар қолдана отырып). Разряд бойынша салыстыруды үйретеміз, салыстыруды ондықтар разрядынан бастаймыз.
кезеңде көрнекілікті ауыстырамыз, разрядтық кестені сүйеніп салыстыру.
кезеңде көрнекі-дидактикалық материалдарды қолданбай, натурал сандардың сандық қатардағы қасиетіне сүйенеміз.
-2- 100 шамасындағы сандарды номерлеуін оқыту әдістемесі. 100 шамасындағы сандарды номерлеуін оқытудың кезектілігі:
10 және 20 шамасындағы сандардың номерленуін қайталау.
Толық ондықтарды номерлеуін оқыту.
21-ден 99-ға дейін сандардың номерленуін оқыту:
20-дан 30- ға дейін б) 30-дан 40-қа дейін в) 40-тан 50ге дейін
г) 50-ден 60-қа дейін д) 60-тан 70-ке дейін е) 70-тен 80-ге дейін ж) 80-нен 90-ға дейін з) 90-нан 100-ге дейін.
3-сыныптың 1-тоқсанының бәрі қайталауға кетеді. 100 шамасындағы сандарды номерленуін оқытуда 20 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда қарастырылған әдістемелік кезеңдер қарастырылады. Толық ондықтардың номерленуін оқытуға 3-4 сабақ беріледі. 21-ден 99-ға дейін сандардың номерленуін оқытқанда М.Н.Перова алдымен екі таңбалы санның аталу қағидасын көрсетуді ұсынады, мысалы, оқушыларға тапсырма беріледі:
2 бума және 6 таяқша қойыңдар.
Неше таяқша қойдыңдар?
Біз 26 санын құрдық. Санның аталуы екі сөзден тұрады: жиырма және алты (қатар санның жазылған карточканы көрсету керек).
Жиырма алты.
Қалай жазылған?
Алдымен ондықтар, содан кейін бірліктер.
Сандардың жазылуын да бірге үйрету керек.
Арнайы мектеп оқушыларын сандардың жазылуының әртүрлі формаларымен таныстырған жөн. Мысалы:
3 ондық 6 бірлік.
36=30+6; 36.
Оқушыларды 100 шамасындағы сандарды номерленуін оқытқанда «разряд» ұғымымен таныстырады, бірліктер бірінші разрядқа жатады және санды жазғанда оң жақтан бірінші жазылады, ондық екінші разрядқа жатады, оңың екінші жазылатындығын айтады, жүздіктер үшінші разрядқа жатады, оң жақтан үшінші боп орналасқан.
-3- 20 және 100 шамасындағы сандармен қосу және алу арифметикалық амалдарды орындауды оқытуәдістемесі. 20 және 100 шамасындағы сандармен қосу және алу арифметикалық амалдарды орындауды оқыту кезектілігі есептің қиындық деңгейіне байланысты. «+» және «-» амалдары қатар оқытылады.
«+» және «-» амалдарын оқыту кезектілігін 20 және 100 шамасындағы
«+» және «-» мысалдары, санның ондық құрамына негізделген 10+3, 13-3, 13-10 және сандық қатардың қасиетіне негізделген: 13+1, 14-1.
1. «+» және «-» толық ондықтар 30+20, 50-20;
«+» және «-» разрядтан өтпей
а) екі таңбалы санға бір таңбалы және екі таңбалы саннан қосу; екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту:
5+2; 17-2.
ә) екі таңбалы санға бір таңбалы және екі таңбалы саннан қосу; екі таңбалы саннан екі және бір таңбалы санды азайту:
30+5, 35-5, 35-30
30+26, 56-30, 56-26,
47-2, 47-45
45+32, 77-32, 77-45.
б) сомма толық ондық шығады, толық ондықтан азайту. 15+5, 20-5
12+8, 20-8
35+5, 40-5
35+45,40-20-3
в) «-» екі таңбалы саннан екі таңбалы санды азайту: 18-13, 16-14.
Разрядтан өтіп қосу,алу.
а) бір таңбалы сандарды қосу 7+5=12
5=3+2
7+3=10
10+2=12
ә) екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу 27+5
б) екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту 12-5=7
72-5=67
в) екі таңбалы санға екі таңбалы санды қосу 47+28=75
г) екі таңбалы саннан екі таңбалы санды азайту: 72-25
Қолданатын қосу, алу тәсілдері:
кезеңде есепшотты қолдану.
кезеңде ауызша дауыстап айту. 3-кезеңде жазбаша.
Қосуға арналған санау тәсілдері: I. 10+5
14+1
Баланың заттық-тәжірибелік іс-әрекетіне немесе есеп шотына сүйеніп негізделген.
а) Есептерді шешуде келесі санау тәсілін қолданамыз:
Екі таңбалы санды ондықтарға, бірліктерге бөлеміз. Одан кейін ретімен бірліктерді, содан кейін ондықтарды қосамыз.
13=10+3
5+3=8
10+8=18
II. а) 23+25