Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырушы: Абадилдаева Ш. К


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ



бет2/179
Дата09.12.2023
өлшемі1,59 Mb.
#135444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
umkd shbba aya-20-3-21-1u

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ShBBA3211 «Шеттілдік білім берудің әдістемесі»

6В01725 -Шетел тілі: екі шетел тілі


5 кредит

2022 ж

Оқу бағдарламасы 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі бакалавриат мамандығы бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН


типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 05.07.2016 жылғы


№ 425 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
2016 жылы «4» шілдеде Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. № 11 Хаттама
МАЗМҰНЫ

  1. Түсінік хат

  2. Курстың мазмұны

  3. Курс бөлімдерінің тақырыптар бойынша мазмұны

  4. Курс және диплом жұмыстарының үлгі тақырыптары

  5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

  6. Авторлық ұжым

ТҮСІНІК ХАТ


Бұл «Шеттілдік білім берудің әдістемесі» курсының бағдарламасы (бұдан былай Бағдарлама) бакалавриат бойынша тілдік педагогтық мамандықтың студенттеріне арналған. Бағдарлама Қазақтан Респулбликасының білім саласынадағы нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес әзірленген. Бағдарламаның ғылыми-теориялық негізі отандық әдістеме ғылымында тұңғыш рет жасалған құзыреттілік амалдың мәнмәтінінде жүзеге асырылатын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университететінде сынақтан өткен когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық әдіснама мен шеттілдік және көптілдік білім беру теориясы болып табылады (С.С.Құнанбаева)2. Шеттілдік білім берудің ұсынылып отырған теориясында Шетел тілі пәндік саласының «Шеттілдік білім беру» деңгейіне дейін кеңейтілуі ғылыми негізделген. Ғылыми және дидактикалық зерделеудің нысаны «тіл» ретінде пәнаралық конструкт «бөтен тіл – бөтен мәдениет – тұлға» ұсынылған, ол «лингвомәдениет» категориясы арқылы бейнеленеді. Жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан басты әдістемелік жүйенің негізгі категоряларының ұғымдық мәні қайта қаралған: амалдардың, мақсаттың, мазмұнның, ұстанымдардың, әдістердің, технологиялардың және басқаларының, ұсынылып отырған теорияның үлгісі және шеттілдік білім берудің бағдарламасы халықаралық стандартар мен ұлттық білім беру жүйесінің шарттарын ескере отырып ақтық (құзыраттілік) нәтижеге жетуге – мәдениет аралық қатысымдық құзыреттілікке, мәдениетаралық қатысым субъектісіне, адкватты мәдениетаралық қатысымға қабілетті және әзір суъектіге жетуге бағытталған.
Ұсынылып отырған ғылыми теория және «Шеттілдік білім берудің әдістемесі» курсында көрініс тапқан отандық және қазіргі халықаралық білім беру моделінің үйлестірілуі келешек шетел тілі мұғалмімінің кәсіби-әдістемелік дайындығын ғылым мен практиканың шеттілдік білім беру саласындағы соңғы жетістіктерінің негізінде қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет