«Шеттілдік білім берудің әдістемесі» курсының мазмұны
Бағдарламада көрсетілдген материалдың көлемі 5 кредитке есептелген, ол оқу жұмысының 150 сағатына сәйкес келеді, ал оның 45 сағаты аудиториялық жұмыс (30 сағат – лекция, 15 сағат – семинар-практикалық сабақ, 15 сағат ОСӨЖ мұғалімнің жетекшілігімен өткізілетін өзіндік жұмыс) және 90 сағат СӨЖ студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқу курсының пререквизиттері, кореквизиттері, постреквизиттері
«Шеттілдік білім берудің әдістемесі» курсы мазмұны жағынан білім беру үрдісінің бұрынғы кезеңдерінде оқытылған, бұл курспен қатар оқытылып жатқан және бұл курстан кейін оқытылатын бір қатар оқу пәндерімен байланысты. Ондай пәндерге жатады: философия, психолого-педагогикалық пәндер топтамасы, теориялық лингвистикалық пәндер, мәдениеттану, лингвомәдениеттану, әлеуметтану, мәдениетаралық қатысым теориясы.
Курстың бөлімдерінің тақырыптар бойынша мазмұны
І-бөлім. Шеттілдік білім берудің теориялық әдіснамалық негіздері 1-тақырып. Шеттілдік білім берудің әдіснамасы
Теориялық және тәжірибелік қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары мен тәсілдерінің жүйесі ретінде әдіснама туралы жалпы ұғым. Шеттілдік білім берудің когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық әдіснамасы – шетел тілдерін оқытудың мәдениетаралық қатысымдық теориясының тұжырымдамалық негізі. Шеттілдік білім берудің әдіснамасының міндетті сипаттамалары: 1) ғылыми таным меннақты ғылыми саладағы зерттеудің
жүйелілігі; 2) нысанның біртұтастығы мен оның құранды бөліктерінің функционалдық өзара әрекеттестігін ашуды қамтамасыз ететін бірыңғай теориялық тұғырнаманың болуы; 3) осы ғылымның нақты әдіснамасын көрсететін әдіснамалық ұстанымдар жиынтығының болуы; 4) теориялық тұғырнаманы көрсететін ұғымдар мен каегориялар жүйесінің болуы.
Әдіснамалық ұстанымдардың ерекшеліктері мен мәндік сипаттамасы: когнитивтік, қатысымдық, тұжырымдамалық, лингвомәдениеттанымдық, әлеуметтік мәдени, рефлексивтік-дамытушы, когнитивтік ұстанымның жетекші рөлімен, бұлар интегративтік кешенді түрде әдістемелік жүйе шеңберінде, әдістер, технологиялар, шеттілдік білім мазмұнының пәндік-процессуалдық аспектілері арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық шеттілдік білім жүйесін жаңғыртуда когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық әдіснама мен мәдениетаралық қатысымдық теориянық рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |