Курстың мақсаты мынада: шеттілідік білім берудің жаңа тұжырымдамасына негізделе отырып, шетел тілдерінің болашақ мұғалімін қазіргі кезеңдегі маманға қойылатын әлеуметтік педагогикалық талапқа сәйкес кәсіптік-пәндік дайындығын қамтамасыз ету. Бұл аталған мақсат төмендегі міндеттер кешенін шешу арқылы жүзеге асырылады:
Студенттердің шеттілдік білім беру әдістемесінің дамуының әлеуметтік тарихи шарттарының заыдылықтарын және іргелі парадигманың ауысуын түсінуін қамтамасыз ету;
Студеттердің бойында әдістемеге ғылыми териялық-қолданбалы ғылым ретінде, оның қазіргі жай-күйі және даму перспективасы туралы түсінігін қалыптастыру; Шеттілдік білімнің тұжырымдамалық базисі болып табылатын огнитивтік-лингвомәдениеттанымдық әдіснама туралы, құзыреттілікке бағдарланған жаңа типті шеттілдік білім беру туралы біртұтас ғылыми негізделген түсінік тудыру;
Әдістемелік жүйенің негізгі категорияларын (мақсатын, мазмұнын, ұстанымдарын, әдістерін т.б.) олардың жаңа ұғымдық мәнін түсіне отырып меңгеруін қамтамасыз ету;
Шеттілдік білім беру үрдісінде қолданылатын инновациялық педагогикалық және коммуникативтік-ақпараттық технологяларды меңгеруді қамтамасыз ету.
Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру пәндік-мазмұндық және процессуальдық аспектісін осы курстың негізінде қалыптастырылатын кәсіптік маңызды құзырлылықты, атап айтқанда:
1) теорялық-әдіснамалық;
2) мәдениетарадық-қатысымдық;
3) ғылыми-зерттеу;
4) пәндік-кәсіптік құзырлылықты қаматамсыз етеді.
Осы бағдарлама, бұған дейінгі бағдарламалардан өзгеше, шеттілдік білім берудің жаңа ғылыми парадигмасынан шыға отырып, тек біртұтас білім, дағды және іскерліктер жүйесін меңгертіп қана қоймай, студенттердің әдіснамалық мәдениетін дамытуға, олардың өз бетімен атқаратын әрекетін, оның қалыптастырылған кәсептік маңызды құзыреттілік көмегімен қабілеттілік пен әзрліктің қоюға және шығармашылықпен оқытылушылардың сабақта және сабақтан тыс әрекетін ұйымдастыруға және меңгеруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |