Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет10/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

4.2 Барабанды диірмендер




Кенді және кенді емес материалдарды ұсату (ұнтақтау) үшін барабанды диірмендер қолданыс тапқан. Оларды алғаш рет цемент өндірісінде пайдаланады. Үгіткіш денелер ретінде бастапқысында табиғи қиыршық тас, гравий, одан кейін шойын немесе болат шарлар немесе стерженьдер пайдаланылады.
Қазіргі уақытта цемент өндірісінде елімізде ең қуатты Барабанды диірмендер шығарыла бастады. Олардың өнімділігі 160т /сағ, массасы 650 тоннаға дейін, жетектегі электроқозғалтқыштарының қуаты 6500 кВ-қа дейін болады.
Барабанды диірмендер барабанның геометриялық пішініне қарай, үгіткіш денелерінің материалына байланысты, материалдың жүктелуі мен жүксізденуіне қарай, майда ұсату тәсіліне қарай жіктеледі.
Диірмендердің жіктелуі.
Шарлы, барабанды диірменде жұмыстық үдеріс цилиндрлік немесе конустық пішіндегі айналатын барабан ішінде жүреді. Оның ішінде шарлар еркін жылжи алады да, майда ұсатылатын материалмен бірге айналып себілуі мүмкін. Майда үгітілетін материал барабанға жүктеліп, одан үздіксіз немесе дайын болуына қарай кезеңді жүксіздендіреді.
Шарлы, барабанды диірмендерде беріктігі орты және жоғары, алғашқы шикізаттың ең үлкен фракциясы Dср = 20...30 мм материалды ұнтақтауға болады. Ал барабанды, үгіткіш денелері болмайтын диірменде материалдың өзі майда ұнтақталады. Ондағы алғашқы шикізат материалдардың диаметрі Dср = 600...900 мм-ге жетуі мүмкін [9. 10].



4.1 - сурет - Барабанды диірмен cұлбалары:
а – шарлы, периодты әрекеттегі; ә – шарлы периодты әрекеттегі, жанынан жүктелетін; в - шарлы периодты әрекеттегі, ортасынан жүктелетін; г - шарлы периодты әрекеттегі, торкөзімен; д - шарлы периодты әрекеттегі, ашық барабанымен; е – шарлы, құбырлы бір камералы; ж – шарлы көп камералы; 3 – шарлы, ашық барабанды; и – стерженьдік, барабанды, ортасынан жүктелетін; к – сондай, жанынан стерженьдік, барабанды, ортасынан жүктелетін; л – барабанды, өздігінен майда үгітілетін; м – барабанды, массивті роликтерімен


Барабанды диірмендер үшін үгіткіш денелер ретінде соғылмалы немесе құйылған болат, диаметрі 30-дан 125 мм-ге дейінгі стерженьдер, диаметрі 25-тен 100 мм-ге дейін болат стержень (стерженьді диірменде), болат қысқа цилиндрлік роликтер (шильпебс) пайдаланады.
Болат үгіткіш денелердің беріктік шегі 500 МПа-ға жетеді; ал қаттылығы НВ 300-ге жетеді. Үгіткіш денелер ретінде сонымен қатар металл емес материал: табиғи қиыршық тас, гравий (галька), керамикалық шарлар, кен кесектері (үгіткіш денелері болмайтын диірмендер) болуы мүмкін.
4.2-суретте өлшемі 4, 2 10м болатын, цементтік құрғақ өндірісінің тәсілінде шикізат материалдарын үгітуге арналған диірменнің жалпы көрінісі көрсетілген.





4.2 - сурет - Өлшемі 4,2 10 мм болатын, цементтік құрғақ өндірісінің тәсілінде шикізат материалдарын үгітуге арналған диірменнің жалпы көрінісі

Диірмен барабанның айналу жиілігі барабан ішіндегі үгіткіш денелер қозғалысының сипатын анықтайды. Одан материалды ұнтақтау тиімділігі үгіту денелерінің формасына, жылдамдығы мен массасына тікелей байланысты болады. Үгіткіш денелер жылжуы барабанның айналу жилігіне, диаметріне, оның үгіткіш денелермен толтыру дәрежесіне және т.б. параметрлерге байланысты. Барабанның айналу жилігінде үгіткіш денелер барабан ішінде ішкі қабырғасына жанасып, бір деңгейге жеткенде құлайды да, сонымен бірге айналады, сол сәтте материалды ұнтақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет