Үздіксіз әрекеттегі мөлшерлегіш дегеніміз - өнімділігін тұрақты етіп, автоматты түрде тұрақтандырып тұратын, қандай да болмасын қоректендіргіш. Үздіксіз әрекетті кез келген тасымалдауыш құрылғы өнімділігі жұмыс органындағы орналасқан материал массасына mм және оның қозғалыс жылдамдығына тура пропорционал болады. Сондықтан үздіксіз мөлшерлеу кезінде, яғни П-соnst етіп ұстап тұру керек. Материал тығыздығының кез келген өзгерісінде мөлшерлеуді бірнеше жолмен:
а) материал массасын (mм) анықтай отырып, материал қозғалысының жылдамдығын (Ʊ) тұрақты етіп ұстап тұру арқылы. Мөлшерлегішке материал беретін құрылғыға әрекет жасап, оның өнімділігін өзгерту арқылы;
ә) mм өлшеп, мөлшерлегіш жетегіне әрекет жасап, жылдамдығын (Ʊ) өзгерту арқылы;
б) екі параметрді де (mм, Ʊ) өлшеп, өзгерту арқылы жүргізуге болады.
Сонымен, бірінші тәсіл материал массасын реттеу арқылы жүргізілсе, ал екіншісі - материал қозғальгсының жылдамдығы бойынша, ал үшінші тәсіл - екі параметр (mм, Ʊ) бойынша іске асырылады.
Іс-тәжірибеде материалды үздіксіз мөлшерлеудің үш тәсілінің бәрі пайдаланылады, барлық тәсілде мөлшерлегіштің жұмыстық органындағы материалдың салмағын mƱ өлшеуді қажет етеді. Материал массасын mƱ өлшеу мөлшерлегіштің басты элементі - салмақтық қоректендіргіште үздіксіз жүреді. Көбінесе, осы мақсат үшін ленталық, салмақтық ролигімен немесе арысты аспасымен қоректендіргіш қолданылады. 6.2-суретте материал массасын реттейтін және жылдамдығын тұрақты ұстап тұратын (Ʊ -соnst) қарапайым, бір агрегатты мөлшерлегіштің құрылымдық сұлбасы келтірілген.
Оның жұмыс істеуі қарапайым. Арысты аспадағы жүк (1) орны былай таңдап алынады:
mrp ∙ q ∙ l2= mMql1. (6.1)
Егер материалдың тығыздығы өссе, онда материал массасы тм берілген шамадан көбейеді де, арыс (2) О нүктесіне қатысты сағат тілі бойымен біршама бұрышқа бұрылады. Бұл кезде иінтірек жүйесі (3) шиберді төмен түсіріп, материал қабатының қалыңдығын (џ) сәйкестендіріп азайтады, яғни mм берілген мәнге дейін төмендетіледі. Егер материал тығыздығы азаятын болса, онда барлық үдеріс кері бағытта жүреді, mм-ді берілген мәнге дейін өсіреді. Ондай мөлшерлегіштің мөлшерлеу дәлдігі ±2,5...3% пайызды құрайды.
6.2 - сурет - Арысты, салмақтық, ленталы қоректендіргішімен бірге, материал массасын реттейтін, бір агрегатты мөлшерлегіш сұлбасы:
1 - теңдестіргіш жүк; 2 - қоректендіргіштің арысты аспасы;
3 - шибер жетегінің иінтіректі жүйесі; 4 - материеалымен бірге бункер; 5 - шибер;
6 - ленталы қоректендіргіш
Осы типтегі мөлшерлегіш мына негізгі функциональді бөліктерден жинақталады: қоректендіргішімен бірге бункерден, конвейерлік таразыдан, салмақ өлшер құрылғыдан, орын датчигінен, орындаушы механизм және автоматты реттеу жүйесінен тұрады.
Үздіксіз әрекетті салмақтық мөлшерлегіштер: бірсатылы, екі сатылы болып екі типке бөлінеді. Бір сатылы мөлшерлегіштің бір агрегатында материалды өлшегіш, оның берілуін реттеп отырады. Екі сатылы мөлшерлегіште жоғарыда аталып өткен құрылғылар бөлінген. Конструкциясы күрделірек: олар тұрақты жұмыс істейді. Бункер ішіндегі материал бағанасының тербелісіне және оның механикалық қасиеті өзгерісіне қарсы әсері азғантай.
6.3 сурет - Үздіксіз әрекеттегі автоматты салмақтық
мөлшерлегіштер сұлбасы:
а - конвейерлік таразы сұлбасы; ә, в, г - бір сатылы;
д, е - екі сатылы реттеу жүйелері
Осындай типтегі мөлшерлегіш артықшылығына - олардың конструкциясының қарапайымдылығы, ал кемшілігіне - салмақтық ролик сезімталдығы және иінтірек жүйесінің инерциялылығы жатады.
6.3, а-суретте көрсетілген бір сатылы мөлшерлегіште өнімділігі жапқышпен (4), қозғалысының жылдамдығы тұрақты кезінде лентаның конвейер үстіндегі материалдың көлденең қимасының ауданын өзгерту арқылы реттеледі. Датчик ретінде салмақтық ролик (2) болады. Оның орнына байланысты иінтірек жүйесі (3) арқылы бункердің (5) жапқыш (4) орны өзгереді.
6.3, в-суретте бір сатылы мөлшерлегіш көрсетілген. Онда материал ағынының қарқындылығы жапқыш (4) көмегімен реттеледі. Жапқыш сервожетекпен (6) жабдықталған. Лентадағы материал мөлшеріне байланысты конвейердегі материал көлемі датчигімен (8) белгіленеді де, сигнал күшейткіш (7) арқылы күшейтіліп, сервожетек көмегімен жапқыштың орны реттеледі. Осылай мөлшерлегіш өнімділігінің берілген деңгейі тұрақты ұсталады.
6.3, г-суретте бейнеленген бір сатылы мөлшерлегіште реттелетін параметр ретінде лента қозғалысының жылдамдығы өзгереді. Бұл кезде материал қабатының көлденең қимасы өзгермейді. Конвейер тензометрлік датчикке (9) орнықтырып ілінеді. Лентадағы материал мөлшеріне байланысты датчиктің (9) электрлік сигналы өзгереді де, күшейткіш (7) арқылы команда аппаратта (10) «көп» немесе «аз» бағытына қосады. Командааппарат вариатордың (11) беріліс қатынасын өзгертеді, яғни конвейердің жетекті барабанның айналу жиілігін өзгертеді. Барабан жетегі мына сұлбамен қозғалысқа келтіріледі: қозғалтқыш (12) — вариатор (11)- редуктор (13). Командааппарат материал ағынының қарқындылығын өзгертеді.
6.3, д-суретте екісатылы мөлшерлегіш көрсетілген. Онда реттелетін параметр ретінде вибролотокты қоректендіргіш (14) көмегімен өнімділікті орындап реттейді. Вибролотокты қоректендіргіш бункерден (5) материалды қабылдап алып, ленталық конвейерге (1) береді. Лента қозғалысының жылдамдығы тұрақты. Лентадағы материал массасына қарай, индуктивті датчик стержені (17) өз орнын өзгертеді. Датчик сигналы электронды күшейткіш (7) арқылы күшейтіліп, магниттік күшейткіштің қанықтыру дросселіне түседі де, электрмагнитті вибраторды (15) қоректендіретін ток параметрін өзгертеді. Яғни вибратор тербелісінің амплитудасын үлкейтіп немесе кішірейтіп, қоректендіргіш өнімділігін реттейді.
6.3, г, д-суретте бейнеленген мөлшерлегіш жүйесінде электрондық сызбаны пайдалану олардың жұмыс дәлдігін едәуір жоғарылатады. Электрондық схеманы пайдалану датчиктер сезімталдығын өсіруге және автоматты реттеу жүйесінің беріліс буындарының инерциялығын азайтуға мүмкіндік береді.
6.3, е-суретте екі сатылы мөлшерлегіш келтірілген. Онда бункерден (5) берілетін материал қарқындылығымен қатар, ленталық конвейердегі материал қозғалысы жылдамдығы да реттеледі. Барабанды қоректендіргіш және конвейер лентасының жылдамдықтары тензодатчик (18) сигналына байланысты, екі командоаппарат (10) көмегімен реттеледі. Командоаппарат жетегі (20) вариаторлардың (II) беріліс қатынасын өзгертеді. Вариаторлар қозғалысқа қозғалтқыш (12) көмегімен келтіріледі. Ленталық конвейер жүгінің өзгеру жылдамдығына тәуелді датчик сигналы дифференциальды реттеуіш аспапқа (23) түседі. Одан кейін сигнал датчикке (22), электронды-реттеуіш аспапқа (21) беріледі. Блокқа (23) тағы да тахогенератор (24) сигналы енгізіледі. Түрлендірілген сигнал мөлшерлегіштің атқарушы механизмдеріне әрекет етіп, материал ағыны қарқындылығын және оның қозғалыс жылдамдығын өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |