Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет12/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Лекции (1)

Каскадты режимде (лақтырмай жұмыс істеуге) диірмен барабанының бұрыштық жылдамдығы үлкен емес, шарлар барлық массадан және барабан қабырғасынан үзілмей жылжиды (4.3. ә-сурет). Суретте ашық сызықтармен қозғалатын шарлар, шектеліп жылжитын майда үгіту шамамен мүлде болмайтын аймақ көрсетілген. – табиғи үйілу бұрышы.
Каскадты режимде толтыру коэффициенттерінің оңтайлы мәндері
φ=0,3; 0,35; 0,5 және осыған сәйкес барабанның салыстырмалы бұрыштық жылдамдығы Ψ=0,74; 0,62; 0,8; келтірілген.
Сонымен, каскадты режим салыстырмалы жоғары емес бұрыштық жылдамдығымен және барабанның үлкен емес толтырылуымен сипатталады.
Каскадты режимде барлық стерженьдердің диірмені мен қайта үгіткіш, шарлы диірмен жұмыс істеуде. Оларды үгіткіш денелердің үйкелу әсері көбірек болады.
Сарқырамалық режимде (лақтырып жұмыс істеуде) барабан айналуы тезірек, шарлар шеңберлік траектория бойынша көтеріліп, парабола траекториясы бойымен лақтырылады. Сол кезде болат шарлар материалдарды соғып, майда үгітеді. Осы жағдайда үлкен толтыру коэффициентінде жүктеменің орталық бөлігінде «Тыныш» аймақ түзілуі мүмкін. Ол жерде шарлардың кеңістікте жылжымауы мүмкүн (штрихталған шарлар).
Сарқырамалық режимде толтыру коэффициентінің оңтайлы мәндері φ=0,38; 0,45; 0,5; 0,56. және осыған сәйкес барабанның салыстырмалы айналу жылдамдық коэффициенттері Ψ=0,745; 0,8; 0,84; 0,87 келтірілген.
Сарқырамалық режим құрғақ және ылғал үгітудің шарлы барабанды диірменде материалдың салыстырмалы ірі бөлшектерді үгіткіш денелердің қарқынды соққылы әсері қажет болған жағдайда пайдаланылады. Бұл режим стерженьдік диірмендер үшін қолайсыз, өйткені стерженьдерді лақтыру олардың қисаюына және дұрыс жатпауына, сонымен қатар, стерженьдердің бір-бірімен шатасып, «бұтақ» түзілуіне әкеледі. Оны тарқату үшін агрегатты тоқтату керек болады. Сарқырамалық режимде кіші радиуста траекториямен өтетін шарлар жүктемесінің ішкі қабаттары барабан қабырғасына жақын қабатқа қарағанада каскадты режимде домалап жұмыс істейді.
Барабанның жоғары сандық бұрыштың жылдамдығында диірмен центрифуга немесе сермерлік дөңгелек режимінде жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет