Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет31/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
а-жалпы көрінісі; ә- кинематикалық сұлбасы
Электротермиялық беріктендіру (9.7, е-сурет) былай жүргізіледі:
Арматуралық стерженьдер конвейермен (14) қыздыру құрылғысына (15) беріледі. Ондағы температура 800….900°С. Одан кейін шынықтыру ваннасына түседі де, конвейермен (17) қыздыру құрылғысына (18) беріліп, 250..350°С температурада босаңдатуға жіберіліп, жинақтауышқа (19) түседі.
Арматураны беріктендірудің ең қарапайым әдісі - созу. Созу арқылы болаттың аққыштық шегі мен беріктігін 10%-ға өсіруге болады, бірақ оның пластикалығы азаяды, яғни болат морттырақ болады. Созу кезіндегі кернеу рауалы шамадан аспауы керек, яғни
τ123, (9.9)
мұндағы τ1- арматура материалының серпімділік шегі, Па; τ2- созу кернеуі, Па; τ3- созу кезіндегі беріктік шегі, Па.

9.6 - сурет - Арматуралық торкөзді кесетін қайшы

9.7 - сурет - Арматуралық болатты беріктендіру процесінің сұлбалары:
а-сымдау; ә- суықтай пішіндеу (жалпайту); в-жалпайту тетіктері;
г-бұрау; д-созу; е- электртермиялық беріктендіру

9.8 - сурет - Арматураны созу арқылы беріктендіру

Серпімділік шегі пропорционалдық шегінен τ4 (Гук заңы бойынша τ4=εЕ) аз ажыратылатындықтан, мынаны алуға болады:


τ1≈, (9.10)
мұндағы, Р-созу күші Н; F-арматуралық стерженьнің көлденең қима ауданы, м2.
(9.9) формуладағы τ1 және τ2 шама мәндерін қойып, мына теңсіздікті аламыз:
εЕ<Р/F< τ3.
Материалдың механикалық сипаттамасы мен арматура стерженінің өлшемдерін біле отырып, теңсіздікті Р және ε қатысты шешуге болады. Іс-тәжірибеде ε=0.03…0.05. Арматураны созу арқылы беріктендіру арнайы жартылай автоматты станоктарда жүргізіледі. Онда өлшенген прутоктар қысқышпен қармалып, айналшақты - бұлғақты механизммен созылады. Арматураны созып беріктендіретін қондырғының ең қарапайым, әрі сенімдісі гидравликалық жетектісі болады (9.8-сурет). Дайындаманы күштік рамаға (8) салып, қысқыштармен (7) бекітеді де, гидродомкрат (4) көмегімен берілген өлшемге созады. Өңделген стерженьдер босатылады да, бағыттауыштар бойымен жинақтауышқа домалатып жібереді. Бағыттауышымен және ашасымен (11) бірге винттік құрылғы стержень ұзындығына байланысты қысқыш орнын реттеуге мүмкіндік береді. Гидродомкрат жетегі насостық станциядан жүргізіледі. Станция электрқозғалтқыштан (1), насостан (2), бактан (3), құбыр өткізгілерден (5), басқару пультінен (6) тұрады. Қондырғыда диаметрі 40 мм-ге дейінгі арматуралық стерженьдер беріктендіріледі. Гидродомкраттың ең үлкен күші 0.7 МН. Жазық және кеңістік арматуралық конструкцияны, сонымен қатар, бетон ішіне салынатын тетіктерді, монтаждық ілгектерді, қамыттарды жасауда арматураны арнайы станоктарда иеді. Кейде иілген тетікті арматураны бекіту үшін де пайдаланады. Станоктардың көпшілігінде арматуралық стерженьді жетекті дискілер көмегімен иеді. Ию радиусы мен арматуралық стерженьнің көлденең қима өлшеміне байланысты ауыстырылатын дискілер орнықты қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет