Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет30/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Лекции (1)

Өрілген арматура – МЕСТ 7372-79 және МЕСТ 7348-81 стандарттарына сәйкес жасалынған жеті немесе он екі сымнан бірге өріліп жасалынады.
Арқандық арматураны МЕСТ 7348-81 стандарты бойынша екі немесе үш өрімді тоқып жасайды. Арматура сипаты 9.2-суретте келтірілген. ТББ зауыттарында және арматура цехтарында арматураның бөлшектер мен конструкция (торкөз, жазық және кеңістіктегі арматура қаңқасы) жасалынатын әртүрлі пішіндегі болат арматура 9.2- суретте келтірілген.



9.2 - сурет - Болат арматура түрі:
a-A-II, A-III, A-IV класындағы, периодты профильді, ыссылай иленген арматуралы болат стержень; ә-аса берік тегіс сым; в-периодты профильді аса берік тегіс сым;
г- өрілген арматура; д-канатты арматура

9.2.2 Арматураны дайындауға, беріктендіруге және механикалық өңдеуге арналған жабдықтар


Диаметрі 10 мм-ден үлкен әртүрлі арматураларды арнайы маркалы қыздырылған болат арқандарынан созу арқылы арнайы зауыттардан ұзындығы 7...10 м шыбықтардың шумағы түрінде, ал жұқа арматуралық болат пен сымдар массасы 100 кг- ға дейін бухта немесе оралым түрінде жасап шығарылады. Өрілімді және арқанды арматура ұзындығы 200 м-ге дейін жеке кесінділердің бухтасы түрінде шығарылады.


Әрі қарай өңдеу үшін арматура цехына түсетін сымды арнайы шөрнекке қайтадан тарқатып орайды.
Стерженьдік арматураны арнайы станокта тазалайды. Станоктың жұмыстық органы арматураны беру механизмінен және тез айналатын болат щеткадан тұрады. Арматураны құм ағыншасы көмегімен де тазалайды немесе дөңгелек айналатын сым щеткалары бар механикаландырылған құрал-сайман көмегімен де тазалайды. Одан басқа, арматураны қышқыл мен сілтілерде күйдірмелеп тазалайды.
Түзу арматуралық стерженьдерді алу үшін оларды түзулеткіш станокта түзулейді. Түзу арматуралық стержень арматуралық конструкциясын жасауға дайындама болады.
Түзулету деп, қисық арматуралық болатты бастапқы иіліміне қарама-қарсы бағытта материалды қайтадан, сыртқы күштедрі алып тастаудан кейін, материалдың түзу сызықтығы сақталатындай етіп июді айтады.
Диаметрі 3-тен 12 мм –дейін, ені 1м-ге дейін арматуралық торкөз жасайтын автоматтық желіге түсетін сымдарды түзулету үшін түзулеткіш құрылғы пайдаланады (9.3-сурет).

9.3 - сурет - Сымдарды түзулететін құрылғы
Түзулеткіш құрылғы екі бірдей рамадан (1) тұрады. Оларға арнайы бағыттауыштары орналасатын түзулеткіш роликтері (6) бар блок (2) бекітіледі. Түзулеткіш блоктар жұп-жұбымен 90° бұрышпен екі жазықтықта сымды түзулету үшін орналасқан. Әрбір рамаға барлығы алтыдан түзулеткіш блок орнықтырып қойылған. Әрбір блокта бес ролик болады.
Төменгі үш ролик (4) осьтері қозғалмайды, ал жоғары екі ролик (3) қысқыш винттері (7) бар топтама иінтіректерге бекітіледі. Қысқыш винттер (7) көмегімен роликтер арасындағы арақашықтық сым жуандығына байланысты және топсалы иінтірек ауытқуымен түзулету үшін күшін тудырады.
Көп позициялы бухта ұстағыштан түзулеткіш құрылғыға келетін сымдар пакетін бағыттау үшін сырғанау подшипниктерінде еркін айналатын ұзындығы шамамен 1 м екі барабан қызмет атқарады.
Сымдар пакеті бухта ұстағыштан бағыттауыш барабандар (5) және түзулеткіш блоктар (2) арқылы өтіп тартылу арқылы түзуленеді. Бағыттауыш барабан мен түзулеткіш блок белгілі бір диаметрдегі сымдарда түзулетуге бапталады. Пакет түсіру машинасынан шыққан дайын торкөзді беретін механизм көмегімен тартылады.
Диаметрі 10 мм-ге дейін және ұзындығы 12 м-ге дейін арматуралық стерженьді түзулейтін, тазалайтын, өлшеп кесетін және бүрлейтін автоматтандырылған құрылғы тарқатушы құрылғыдан (1) бағыттауыш конусымен бірге (2), түзулеткіш станок - автоматтан сымды периодты беретін механизмімен бірге, қабылдау құрылғысынан (5) тұрады. Қондырғы пульттен (4) басқарылады (9.4, а-сурет).
Сымды үздіксіз беру механизмімен бірге болатын станок (9.4, ә-сурет) станинадан (3), түзулеткіш құрылғыдан (10), беруші роликтерден (8), стержень ұзындығын өлшейтін санауыштан (7) және жетектен (9) тұрады. Түзулеткіш құрылғының цилиндрлік корпусы (10) (9.4 в,г-сурет) тіректер (15) арқылы станокқа бекітіліп, подшипниктердегі (16) сына таспалы беріліс шкиві (13) көмегімен айналады. Корпуста плашкалар (12) бекітіліп қойылған. Олардың орны қысқыш болттармен реттеледі. Арматура төлкеге (17) беріледі де, корпус (10) осі бойымен плашкалар (12) арасынан өтеді. Плашкалар арматураны ішінара иеді. Бухтадағы (11) арматура беруші роликтермен (8) түзулетуші құрылғы арқылы ұзындығын өлшейді, одан кейін іске қосқыш (14) дискілі қайшыны іске қосады, ол өлшенген арматураны кесіп бөледі де, кесіндіні қабылдау құрылғысына (5) түсіреді, одан кейін кесінді жинауышта жинала береді (9.4, а-сурет).
Арматура түзулеткіш құрылғының тез айналатын барабан көмегімен түзулетеді. Арматураның дөңгелек микроиілімі болса, онда ол плашкалармен түзулетіледі.
Түзулеткіш құрылғы жетегі және электрқозғалтқыштан және сынатас-палы берілістен тұрады. Басқа механизмдері екінші электрқозғалтқыштан редуктор арқылы қозғалысқа келтіріледі. Станок басқаруы кнопкамен автоматты түрде жүргізіледі.



9.4 - сурет - Арматуралық стерженьді түзулеуге және дайындауға арналған қондырғы


Сымды және жұқа арматуралық болатты түзулеткіш кесу станоктарында кеседі, сонымен қатар, пресс - қайшы немесе карборундты дөңгелектері бар, үйкелісті дискісі арасымен механикаландырылған құрал-сайман көмегімен де кеседі. Автогендік кесу және қолмен жұмыс істейтін станок-қайшымен кесуді де пайдаланады.


Арматуралық торкөзді кесу үшін гильотин типтегі механикаландырылған қайшыны пайдаланады, ол әдетте арматуралық торкөз жасайтын қондырғы жиынтығына кіреді.
Өрілген және арқандық арматураны кесу үшін үйкелістік дискілі ара, қажақты дөңгелек немесе от құралдарын пайдаланады.
Диаметрі 10-нан 40 мм-ге дейінгі стерженьді арматураны пресс қайшы көмегімен кеседі. Оның жұмыстық органы төменгі қозғалмайтын және жоғары қозғалатын пышақтардан тұрады. Үлкен қуатты (кесу күші 1.9 МН-ға дейін) және жоғары өнімділікті, гидравликалық жетегі бар станок иемденеді, оның көмегімен диаметрі 40-тан 70 мм-ге дейінгі ауыр арматураны кеседі.
Диаметрі 40 мм-ге дейінгі жеке бір арматураны кесетін механикалық жетекті станок (9.5, а-сурет) станинаға (тұғырға) (1) жинақталған. Қозғалатын пышақ 2 кулисалық механизм (5) (9.5, ә-сурет) көмегімен қозғалысқа келтіріледі. Кулисалық механизм тісті беріліспен (4) электрқозғалтқышқа (3) байланысады.
Ені 3.8 м-ге дейін пісірілген арматуралық торкөзді кесу үшін пневматикалық жетекті гильотин типтес қайшылар қолданылады.
Ондай қайшылар рельс жолына (1) (9.6-сурет) орнықтырып қойылады. Қайшының корпусы тіректі порталь раманы құрайды. Рамаға қозғалмайтын пышағы бар тіректі үстел (3) бекітіледі. Жоғары қозғалатын пышақтық балка (5) бастырық балкамен байланысады. Пышақтық балка екі пневмоцилиндр (6) көмегімен бағыттауыштарда (4) жылжи алады. Пышақтық балканың қисайып кетуін болдырмау үшін тісті синхронизатор (7) орнықтырылған. Торкөз адымына байланысты кесу машинасы пісіру машинасынан белгілі бір арақашықтыққа жақындатып қойылады да, тіректі винттермен бекітіледі.
Пісірілген торкөз машина үстеліне беріледі, одан кейін пышақтық балка төмен түсіріледі, бір уақытта торкөз үстелге басылып қысылады да кесіледі. Әуелі жұп-жұбымен торкөздің шеткі стерженьдері кесіледі, одан кейін рет-ретімен тізбектей қалған торкөз ортасына жақын орналасқан стерженьдер кесіледі. Пышақтың балка жоғары көтеріледі де, торкөздің дайын кесіндісі жинақтауышқа түседі.
Кейбір жағдайда ТББ зауыт аясында арматуралық болатты аққыштық шегін жоғарылату үшін және пластикалық қасиетін төмендету үшін оны механикалық немесе термиялық беріктендіруден өткізеді (9.7-сурет). Сымдау станының барабанына сымдау кезінде сым (2) бухтадан (1) сымдау құрылғысы (3) арқылы тартылады. Суықтай пішіндеуге немесе жалпайтуда (9.7 б,в-сурет) бухтадан (1) сым (2) тарқатылып, пішінді білік арасынан илемделіп өтеді де, вертушкаға (6) оралады, арматураны (9) бұрау үшін.
(9.7, г- сурет) оның бір шетін қозғалмайтын (10), ал екінші шетін айналатын планшайбаға (8) бекітеді. Планшайба (8) жетектен (7) айналады. Арматураның керілуі пружина (11) көмегімен жүргізіледі. Арматуралы стерженьді созуда (9.7, д- сурет) ол арнайы қармауышта бекітіліп, берілген өлшемге гидроцилиндр (13) көмегімен созылады.

9.5 - сурет – Механикалық жетекті ауыр арматураны кесетін станок:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет