Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


Арматураны дайындауға және арматуралық конструкциясын жасауға арналған машиналар мен жабдықтар



бет29/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35

9.2 Арматураны дайындауға және арматуралық конструкциясын жасауға арналған машиналар мен жабдықтар

9.2.1 Жалпы мағлұмат


Темірбетон арматурасы деп, бетон қабатының ішіне салынып, оған жоғары беріктікті беретін болат элементті айтады. Табиғи тастікі секілді бетонның да сығуға беріктік шегі тастікіне қарағанда 8…20 есе кіші келеді. Болат арматура бетонмен жақсы ілінісіп, темірбетондағы созу күштерін жақсы қабылдайды, бұл темірбетонның көтеру қабілетін жоғарылатады, ал бұл өз кезегінде жеңіл, берік, арзан және ұзақтөзімді құрылыс конструкцияларын жасауға мүмкіндік береді. ТББ көтеру қабілетін өсіру үшін және болаттың серпімділік қасиетін толығырақ пайдалану мақсатымен каркас арматурасын алдын ала созады. Мұндай темірбетонды арматуралауды кернеулік деп атайды.


Арнайы жабдықты және станокта жасалған арматуралық конструкция бірнеше элементтен тұрады. Басты элементі ретінде көтергіш элементтер, яғни жұмыстық арматура болады. Қосымша элемент үлестіргіш элемент қарастырылады. Үлестіргіш элемент жұмыстық арматураға түсетін күштерді біркелкі үлестіруге мүмкіндік береді. Конструктивті арматура тасымалдау кезінде бұйымды үдерісіне және құрылыс орнында жинауда арматуралық элемент пен қаңқасын тұтасымен сақтауға мүмкіндік береді. Монтаждық арматура элементтерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады. Бұйымдарды іліп тасымалдау кезінде, сонымен қатар құрастырмалы темірбетонды пісіріп монтаждауға монтаждық тұзақ пен ішкі салынатын тетіктер пайдаланылады.
Жұмыстық арматураның бірнеше түрі бар. Стерженьдік арматура көміртекті немесе легірленген ысқылай иленген немесе суықтай иленген, периодты немесе тегіс пішіндегі диаметрі 70 мм-ге дейін болатын болаттан жасалынады. Жауапты темірбетон конструкциясын жасау үшін легірленген болаттан, жоғары берікті стерженьдік арматураны немесе көміртекті немесе легірленген болаттан жасалған сым арматурасы пайдаланылады.
Сол мақсат үшін сымнан өрілген тарқатылмайтын өрімдер мен арқандар пайдаланылады. Бұл арматура бетонмен жақсы ілініседі. Пропорциональдық шегінің үлкен болуына, жоғары беріктігіне қарай ол арматура алдын ала керілген темірбетон өндірісінде жиірек пайдаланады. Өрілген арматуралы ТББ сенімділігі жоғары болады, өйткені жеке сымның бұзылуы конструкциясының көтеру қабілетін жоғалтпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет