Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет38/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Мәдени дағдыларды тәрбиелеу. Кейбір ата-аналар баланың мәдени дағдыларын тәрбиелеу мектеп пен қоғамның міндеті, ал отбасы бұл салада ештеңе жасай алмайды деп ойлауы қате түсінік. Шын мәнінде отбасы баланың мәдени дағдыларын ерте жастан бастап, оны іске асыруының мүмкіндіктері мол екендігін көрсетеді.
Отбасында балаларды мәдени дағдыларға тәрбиелеу күрделі мәселе емес. Мәдени тәрбие саналы түрде белгілі жоспармен, дұрыс әдіспен жүргізіліп, қадағалануы тиіс.
Балаға жақсылап айтылған ертегінің өзі мәдени тәрбиенің бастауы саналады. Балаға айтылатын ертегі оның түсінігіне лайық, жатық тілде айтылуы қажет. Балалар үшін пайдалы ертегілердің бірі жануарлар туралы болады. Есейе келе адамдардың қарым-қатынасына қатысты ертегілер оқытылғаны абзал.
Балалардың ой өрісін, қиялын дамытатын журналдардағы көркем суреттердің мәні зор. Суретті көру барсында бала түрлі сұрақтарға жауап алады. Кіші жастағы балалрды тәрбиелеуде көркем қойылымдар мен киноның да маңызы ерекше.
Баланың сауат ашуы мәдени тәрбиені күрт үзгеріске ұшыратады. Хат тану арқылы бала өзіне түсінікті кітапшаларды өзбетінше оқи алады. Ірі әріптермен басылған көркем суретті кітаптар баланың қызығушылығын арттырады. Баланың хат тануымен бірге кітап, газет, журнал оқу, кино, театрларға, музейлер мен көрмелерге бару, баланың мәдени тәрбиесін арттырады.
Баланың спортқа қызығушылығын ояту да, маңызды мәдени тәрбие береді. Ол тек спортты бақылайтын жанкүйерге айналмай, өзі де белсенді түрде спортпен шұғылдануына жағдайлар жасуы шарт.
Отбасында спроттық серуендерден басқа да, мәдени тәрбиенің басқа формаларын ұйымдастыруға болады. Мәселен, үйде кішігірім қойылым қою, қабырға газетін шығару, үйді безендіру, ауладағы балалармен кездесу, ойын, серуендер ұйымдастыру.
Осылайша түрлі мәдени жұмыстар арқылы отбасында балаларды тәрбиелеудің пайдасы мол. Отбасында атқарылатын әрбір мәдени іс, кеңес халқына және социалистік құрылысқа қызмет етуі қажет Осы жұмыстардың бәрі мәдени істен саяси іске жалғасуы тиіс. Бала есейген сайын өзін өз отананының азаматы екенін сезініп, біздің адамдардың ерлік істерін көріп, еліміздің саналы мәдени өмірі үшін кімге міндетті екенін білуі маңызды болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет