Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет69/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Густав Венекин (1875-1964) – өзінің «Еркін мектептік қауымдастық» деп атаған мектебін ұйымдастырушы, жастар қозғалысын насихаттаушы. Ол Берлин университетін аяқтап, 1898жылы докторлық диссертациясын қорғады. Оның көзқарастарының негізінде жастық шақты шынайы өмірге жетелейтін баспалдақ ретінде емес, адам өміріндегі ең маңызды, өзіндңк құндылық деп қарастырады. Еркін мектептік қауымдастыққа иерархия болған жоқ, мұнда мұғалімдер мен оқушылардың теңқұқылығы қабылданған болатын. Сонымен қатар, жеке қызығушылықтарға бағыну қоғамдастық қызығушылық пен байланысты еді.
Келесі неміс ғалымы-Фриц Перлз (1893-1970) – танымал психолог. Мектепті аяқтағаннан кейін, Фрейбургтің медицина бөліміне, содан кейін Берлин университетіне түседі. 1920 жылы Берлин университетңінде медицина докторы дәрежесін алады. 1933 жылы Ф. Берлз Голландияға барады, бір жылдан кейін-Оңтүстік Африкаға, Йоханнесбургке сапар шегеді, және онда Оңтүстік Африканың психонализ институтының негізін салады. Перлздік гештальтпсихологияның негізгі ағзаның өзіндік реттелу қабілеттілігі қайталанбайтын, әрі ештеңеге бергісіздігі жайлы көзқарас болып табылады. Сондықтан, негізгі күш адамның шешім қабылдауы мен таңдау қабілеттілігіне жұмсалуы тиіс. Ф.С.Перлздің «Өзін –өзі тану психологиясының тәжірибесі» кітабынан үзінді келтірсек:
Білім беру туралы ғылымның ағылшын дәстүрі өте мықты, әрі бағыттары бойынша сан қырлы.
1950 ж. әдебиет бойынша Нобель силығының иегері және философ Бертран Расселдің (1879-1970) тәрбиелеу бойынша көптеген еңбектері бар. «Ерте жас кезеңінедегі тәрбие туралы» (1926), «Тәрбие және қоғамдық құрылыс (1932). Оның педагогикалық тұжырымдамаларының негізі тәрбиенің авторитарлы жүйесін қабылдамау болып табылады. Ол еркін тәрбиені жақтады.Мектептегі білім беру мазмұнына және жалпы сипатына баса назар аударып,мектептің оқу міндеттерінде утилитарлық оқыту мүмкіндігін ескерді.
Ағылшын педагогы Брайан Саймон (1915 ж.т.) – ағартушы,білім беру жүйесінің тарихшысы, «Білімдендіру тарихының очерктері» (т.1-3, 1960-74), «Білім беру және қоғам» (1989) кітаптарында британдық білім беру жүйесінің эволюциясына баса назар аударады.
Батыс елдеріндегі салыстырмалы білім беру теориясының негізін салушы Еуропа және АҚШ ағартушылары: Брайан Холмс, Исаак Кендел, Николас Ханс, Оскар Анвайлер және т.б.
Салыстырмалы білім берудегі танымал мектептердің бірі ағылшын мектебі, Лондондағы білім беру институтында негізінен қызмет жасағандар Джозеф Лоурайс (1902-1981); Брайан Холмс (1920-1993); Исаак Кендел.
Джозеф Алберт Лаурайс (Lauwerys) (1902-81) – ағылшын педагогы, салыстырмалы педагогика аймағындағы танымал маман. 1932 ж. Лондон университетінің білім беру институтында оқытушысы (1946-1970жж. – салыстырмалы педагогиканың алғашқы профессоры), 1970-1976 жж. – Галифакстегі (Канада) Атлант институтының директоры болды. 1945 жылдан ЮНЕСКО – мен бірлесіп жұмыс жасап, 1948-1970 жж. «Педагогика мәселелері бойынша халықаралық жылдық» басылымының бас редакторы, әртүрлі елдердегі білім беру жүйесін зерртеу бойынша «елтанушылықты» ұйымдастырушылардың бірі болды. Салыстырмалы педагогиканың Еуропалық қоғамдастығының негізін салушы, әрі президенті ретінде қызмет атқарды (1961-1970).
Брайан Холмс (1920-1993) – ағылшын педагогы, білім беру компаративисті (салыстырушы), 1946 ж. Лондон университетін тәмамдап, 1953 ж. Лондон білім беру институтында жұмыс атқарады. 1975-1985 жж. аралығында салыстырмалы педагогика бойынша профессор , ал 1973-77 жж. – салыстырмалы педагогиканың Еуропалық қоғамдастығының президенті, 1975-77 жж. салыстырмалы педагогика бойынша Халықаралық қоғамдастық кеңесінің төрағасы; 1982 жылдан Лондон компаративистер (салыстырмалы педагогика аймағындағы мамандар) одағының президенті болған.
Томға сондай-ақ Ф. Калгрен, Олаф Петерсон, Кайзу Вирккуненнің еңбектерінен де үзінділер берілді.
Уильям Тейлор (1930 жылы дүниеге келген) – 1973 – 1983 жж. – Лондон университетінің Педагогика институтының ректоры. Білім беру саясаты бойынша жұмыстары мен көпшілікке танымал.
Денис Лотон (1931) - 1983 – 1989 жж. Лондон университетінің Педагогика институтының ректоры. Негізгі қызығушылық танытатын аясы – тіл білімі, әлеуметтік ғалымдар, ал педагогика бойынша білім беру мазмұнына баса назар аударады.
XX ғ. соңы мен XXI ғ. басында педагогика ғылымының әдіснамасында құзіреттілік тұрғыға ауысу жүзеге асырылды. Құзыреттілікті бағалау мәселелерімен Эдинбург (Шотландия) университетінің құрметті профессоры, директор Джон Равен (1936 жылы дүниеге келген) шұғылданды. Ол өзінің диагностика мен жоғары деңгейлі құзіреттілікті зерттеу аймағындағы еңбектерімен кеңінен танымал. Томда оның еңбектерінен үзінділер берілді.
XX ғ. екінші жартысындағы педагогика ғылымының Итальяндық дәстүрінің дамуына Ламберто Борги (1907 – 2000); Джованни Мария Бертин (1912 – 2002); Уго Спирито (1896 – 1979); Луиджи Волпичелли (1900 – 1982); Альдо Визальберги (1919 – 2007); Дон Дзено Сатини (1900 – 1981); Данило Дольчи (1924 – 1997) және т.б. ағартушылар өз үлестерін қосты.
Томға танымал Джанни Родари, Данило Дольчи және Франко Камбидің еңбектерінің аудармаларынан үзінділер енгіздік.
Джанни Родари (1920 – 1980) – итальяндық балалар жазушысы, балалар шығармашылығын зерттеуші. 17 жасынан бастап бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген. Оның «Қиял грамматикасы. Тарихты ойлап табу өнеріне кіріспе» деген кітабы балалар мен оқушылардың креативті ойларының дамуы бойынша қазіргі педагогикалық тәжірибедегі әрекетке жетекшілік жасай алады.
Данило Дольчи (1924 – 1997) – Италияның қоғам қайраткері, социолог, әйгілі педагог және ақын. Томға «Балықтар неге жылайды. Тәрбиелеу тәжірибесінің құжаттары» (1973) кітабынан аударылған үзінді келтірдік.
Білім берудегі танымал тарихшы – Франко Камби – жалпы педагогиканың профессоры, білім беру Департаментінің директоры. Оның педагогика тарихы бойынша жазған еңбектері қазақстандық ғалымдардың да қызығушылығына ие болды.
Сондай – ақ мұнда Рудольф Штайнер вельдор мектебінің ізін жалғастырушы швед ғалымы Франц Калгрен (1925 ж.т.) мен антропософ Кайзу Вирккунен (Кайсу Сарра Вирккунен) /1919 – 1996/ еңбектері де ұсынылған.
Университтеттерде жоғары білім беру тарихы бойынша даниялық Олаф Петерсон (1920 ж.т.) туындыларын енгіздік.
Итальяндық Альдо Визалберджи 1919жылдың 1 тамызында Триест қаласында дүниеге келген. 2007 жылы дүниеден өтті. 1942 жылы Пиза қаласында философия мектебін аяқтап, бакалавр акаднмиялық дәрежесін игерген. Ол Дж.Дьюидің идеясын насихаттаушы және ізбасары. 1952 – 53 жылдары Колумбия университетінде біліктілігін жетілдірген.
Aldo Visalberghi Турин және Милан университеттерінде, сонымен қатар 1962 жылы Римнің « La Sapienza» университетінде профессор қызметін атқарды.
1960 – 70 – ші жылдары итальян және еуропа мектептерінде эксперименттік педагогика мәселелерімен айналысты.
1970 жылы CERI (Білім беру аймағындағы инновациялық зерттеулер бойынша орталық ) орталығымен бірге мектептің білім беру жүйесін демократиялық бағытта реформалау мәселелеріне байланысты ауқымды конференция ұйымдастырды. Бүгінде бұл орталық – INVALSI (Білім беру жүйесін және кәсіби даярлауды бағалау Ұлттық институты) деп аталады.
Альдо Визалберджи 1979 жылдан 1991 жылдар аралығында – Фраскати (CEDE) ғылыми – зерттеу орталығының президенті болды. Осы жылдар аралығында ол білім беру аймағындағы жетістіктерді бағалау бойынша Халықаралық ассоциацияның зерттеулеріне қатынасты (Торстен Хусен, Т. Невиллмен, Бенджамин Блуммен және т.б. бірге), сонымен қатар «Мектеп және қала» журналының директоры болды.
Альдо Визалберджи көп жылдар бойы қоғам мен білім беру жүйесінің арасындағы диалектикалық байланыстың маңыздылығын дәлелдеп келді. Ол мектептің ең маңызды міндеті жауапты азаматтар даярлау деп санады. Мектеп «бейбітшілік рухта тәрбиелеуді» жүзеге асырып, оқыту әдістері мен формасын жетілдіріп отыруы қажет деп санаған.
XX ғ. педагогика ғылымының француз дәстүрі педагог, жаңаша тәрбиелеу теоретигі Роже Кузине (1881 – 1973) мен философ Жак Маритен (1882 – 1973) зерттеулерімен сипатталады.
Роже Кузине – Париж университетінің педагогика кафедрасының профессоры. «Топтағы еркін жұмыс әдісі» (1925) шағын Франция мен басқа елдерде қолданылып, жетістікке жеткізген дидактикалық әдісін ұсынды. Бұл әдістің маңызы 8 – 9 жастағы оқушылар өз қалауларымен 5 – 6 адамнан тұратын топтарға бірігеді. Әр топ өздеріне берілген тізім бойынша жұмыс түрлерін таңдап алады. Мұғалім топтың жұмысын тек бақылап, кеңестер беріп, нәтижесін тексеріп отырады. Осы әдіске сәйкес, мектеп жұмысы балалардың сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, әлеуметтену үрдісінің жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызуы тиіс. Бұл мақсатта оқыту жекеленбей, топ арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, мектепте балалардың еркін топтары құрылып, оларды білімдендіру, шығармашылығын дамыту (сурет салу, шығарма, би, өлең мен музыка) ұйымдастырылады. Оқудың бұл бағдарламасында «тарихи жұмыс» маңызды роль атқарады.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың топтық жұмыстарына арналған «құжаттарды» өңдейді. Бұл құжаттар жүйелендірілмеуі тиіс. Оқушылар оларды өз беттерімен еркін түрде қолдана алады. Бүкіл мектеп жұмыстары балалардың моральдық өмірінің матрицасына айналатын әлеуметтік және коммуникативті контексте дамып отырады. Сонымен қатар, Р. Кузине «прогресстік» білім беру теориясын дамытты, бұл туралы «Жаңа білім беру» (1950) деген шағын кітабында сипатталған. Сондай – ақ, «Балалардың әлеуметтік өмірі» (1950) деген еңбегінде де қарастырады.
Жак Маритен – 1914 жылдан Париж университетінде философия ғылымының профессоры. Философиялық және әлеуметтік мәселелер мен қатар, неотомизмнің педагогикалық бағытын негіздеді. Маритен көзқарасы бойынша педагогиканың идеялық негізі «интегралды» гуманизм болуы тиіс. Олар өңдеген орта мектептің оқу жоспарының үлгісі қазіргіғылымдардың негіздерімен, теологияның міндетті және ауқымды курстары мен қатар қарастырылады.
Томда ЮНЕСКО – ның «Перспективалар» журналының аударылған мақалаларын мысалға келтірдік, тәрбиеге БАҚ – тың әсері,Эвелин Пьер білім беруі мен тұлғаны әлеуметтендіруі.
Францияның білім беру жүйесіне елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі Шопеен Ален. Ол тарих ғылымдарының докторы, Педагогикалық зерттеулер ұлттық институтының ғылыми қызметкері. Ол Францияның білім беру жүйесі, әсіресе мектеп мәселесіне аса көңіл бөлген.
Оның негізгі еңбектеріне: «Manuels scolaires: histoire et actualite», Paris, Hashette, 1992; «Les Manuels scolaires en France de 1789 a nos jours»; Emmanuelle series, 8 volumes published, 1992; және т.б. жатады.
Отандық педагогикада XX ғ. педагогика ғылымының дамуына польша ғалымдарының қосқан үлесі кеңінен танымал.
Лукаш Курдыбаха (1907 – 72) – полшалық педагогика тарихшысы, Польша Ғылым Академиясыныңи педагогика тарихы бойынша лабораторияның профессоры (1959), ұйымдастырушысы (1953) және жетекшісі (1963 – 68). Оның авторлығымен және редакциясымен «Тәрбие тарихы» (т. 1 – 2, 1965 – 67) басылып шықты. Ағарту білім беру тарихын және қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін, Польшаның ағартушылығын, польша мектебі мен педагогикасын, реформаларын зерттеді.
Томда көпшілікке Винцент Окон (1914 ж.т.) мен Чеслав Куписевич (1924 ж.т.) еңбектерінен үзінділер берілді.
Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992) сай дүниежүзінде 136 мемлекетте 12 – жылдық білім жүргізілуіде, оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б.
Үшінші бөлімде Азия, атап айтқанда Үнді, Жапон, Қытай мемлекеттеріндегі білім беру саласында елеулі еңбек еткен педагогтардың педагогикалық көзқарастары баяндалып, еңбектерінен үзінді ендірілген. Олардың бірі Малькольм С. Эдисешиа 1910 – 1994 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол Үндістан – ЮНЕСКО Бас директорының бұрынғы орынбасары. Мадрасс университетінің ректоры, Халықаралық ересектер білімі кеңесінің Президенті «Let my Country Awake» болған. Негізгі еңбегінің бірі «It is Begin». Үндістанның көрнекті педагогі, Малькольм Үндістанның және жалпы Азия елдерінің білім беру саласын қарастырған ғалым. Біз оның осы бағыттағы зерттеулерін үнді тілінен аудардық және ол 1970 – 1990 жылдар арасындағы статистикалық мәліметтер болып табылады. Бұл том осы кезеңдерді қамтығандықтан, сол кезеңнің мәліметтері арқылы білім беру саласының бейнесін көрсетуді дұрыс деп таптық.
XX ғасырдың екінші жартысы, дәлірек айтқанда 1947 жылдан қазірге дейін тәуелсіз Үнді мемлекетінің білім беру жүйесі деп сипатталады. Үнді мемлекеті өзінің ұлттық білім беру жүйесін құра бастады. Тагора мен Гандидің идеясының негізінде балалар мен жастарды достық рухта, басқа ұлттармен өзара түсіністік қатынаста, өз ана тілінде оқыту жүзеге асырылды.
Тагор мен Гандидің идеясына сүйене отырып, Үнді мемлекетінің алғашқы премьер – министрі Джавахарлал Неру (1989 – 1964) батыс елдерінің білім беру жүйесіндегі алдыңғы қатарлы тәжірибесін тиімді пайдалануды ұсынды. Үнді мемлекеті білім беруді ақысыз жүзеге асыруды көп жылдар бойы басты мақсатқа айналды.
Үнді мемлекетінің мектептік жүйесі бес жылдық бастауыш мектептен (6 жастан 11 жас аралығы), үш жылдық аяқталмаған орта мектепте оқу ақысыз болғанымен, жоғары мектеп ақылы. Малькольм С. Эдисешиадан басқа Үнді мемлекетінің білім беру жүйесін дамытуға өзіндік үлес қосқандардың бірі, Гхош Суреш Чандра. ОлДжавахарлал Неру атындағы университеттің профессоры, ғылым докторы. Оның негізгі еңбектеріне: «Indian Nationalism», New – Delhi, 1985; «Freedom Movement in India», New – Delhi, 1991; «The History of Education in modern India 1757 – 1986» New – Delhi, 1985.
Келесі тұлға Жапония мемлекетінің атақты педагогі Нитобэ Инадзо. Жапония халқы оны ұлы педагог, деп дәріптейді. Дегенмен де Нитобэ Инадзо жазушы, публицист, қоғам қайраткері, педагог және философ ретінде әлемге танылған. Оны әлемге танытқан «Бушидо» атты еңбегі. Кітаптың өзінен үзінді таба алмағанымызбен, сол кітап туралы, Нитобэ Инадзоның мұны жазуға не итермелегені туралы мәліметтерді жапон тілінен аударттық. Нитобэ Инадзо Жапонияның діни – философиялық көзқарасында Бушидоның идеясын жаңа тұрғыда суреттеген. Нитобэ көркем әдебиет пен риториканы терең меңгерген. Осы арқылы біз бұл кітаптың мәнін, мазмұнын түсіне аламыз.
Жапонияның білім беру жүйесінің деөзіндік ерекшеліктері басым. Жапонияның білім беру заңында «Дәстүр мен мәдениетті қадірлеу және ел мен отанды сүю; сонымен бірге, басқа елдерге де құрметпен қарау, дүниежүзілік қоғамдастықпен жақсы қарым – қатынаста болуға талпынуды тәрбиелеу қажет», деп жазылған. 1960 – 75 жылдар Жапония үшін «білім кезеңі» деп аталуының да өзіндік мәні бар, арнайы кәсіби және жоғары мектептерде оқуға түсушілер саны өсті, соның салдарынан жаңа университеттер ашылды.
Дамыған мемлекеттер арасында Жапонияның білім беру жүйесі ерекше. Жапон елінің білім жүйесі батыстық үлгіде жасалынғанмен, нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше батыстық педагогикамен үйлестіріп,өзіндік білім жүйесін жасауға қол жеткізді. Сондықтан Жапон елінің білім беру жүйесі бірнеше рет реформаланды. Себебі жапондықтардың тарихы мен ұлттық әлеуметтік құндылықтары шетелдік үлгілерді игеруге кедергі жасады.
Жапон ұлтының білім берудегі басты ұстанымы – ұлттық құндылықтарын сақтау және оны дамыту. Жапондықтар үш басты қасиетті қадір тұтады. Олар: ұлтмүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қою, білімге құштарлық және еңбексүйгіштік. Жапон елдерінің іс тәжірибесінен қазақ халқының өзіне үлгі алар тұстары баршылық.
«Қытай ғалымы – Жапония рухы» (нансай – вакон) деген ұран «Жапон рухы – Шығыс техникасы» (вакон – есай) деген ұран мен алмастырылды. Ұзақ жылдар бойы өзінше жеке қалған Жапония Шығыстың ғылыми және техникалық жетістіктерін шапшаң игере бастады. «Вакон – есай» деген «шетелдіктер тапқан білімді алу, бірақ оларға жапондықтардың рухы мен жапондық ойлау бейнесінің (образ мышления) ауытқуына ешқандай мүмкіндік бермеу» дегенді білдіреді. Күні бүгінге дейін «вакон – есай» қағидаты Жапонияның білім беру жүйесінің даму стратегиясын анықтап отыр.
Жапония білім беруде ең алдымен тәрбиеге ерекше мән берген мемлекеттерлің бірі. Олардың білім берудегі негізгі сүйенетін теориялары өзін – өзі оқыту, өзін – өзі тәрбиелеу болып табылады. Негізінен мектеп жүйесі он екі жылды құрайды, жоғары мектеп бакалавриат, магистратура, PhD докторантураны құрайды.
Нитобэ Инадзодан басқа да көптеген педагог ғалымдар Жапонияның білім беру жүйесін дамытуға ықпал еткен. Олар: Накаути Тосио, Катагири Йошио, Секи Кейко.
Накаути Тосио Чукйо (Чукио қаласы) университетінің педагогика профессоры. Еңбектерін негізінен жапон тілінде жазған: «The Study on the History of Seikatsu – Tsuzurikata», Tokyo, 1970; «The History of Education of Anonyme», Tokyo, 1998; «The History of Education Thought», Tokyo, Iwanami 1998.
Катагири Йошио,Аичи (Аичи қаласы) университетінің педагогика тарихының профессоры. Еңбектері: «A Historical Study of Education in the Period of the Freedom and People’s Rights Movement: Modern Public Education and the People», Tokyo, University of Tokyo Press, 1990; «Japanese education in the Development of Economics», Bulletin of Faculty of Education, Aichi University of Educftion, 40, 1991; т.б.
Секи Кейко, Хитотсубаси (Токио) университетінің профессоры. Еңбектері: «The Educational Thought of Krupskaya», Tokyo, Shindokushosha, 1994; «The History of Educanional Reform» in «Why Should We Teach History of Education?», Kadriya Salimova & Erwin Johanningmeir (еds), Moscow, 1993, және т.б.
Қытай халқының ұлы педагогы,и реформаторы Тау Шинжы, тіпті оның өздері қазіргі педагогикада аты алтынмен жазылған педагог деп бағалайды. Оны, Қытай көсемі Мао Цзэдунның өзі «Бір туар ұлы педагог» деп бағалаған.
Ол негізінен Қытайдың білім беру жүйесі туралы зерттеулер жүргізіп, реформалауға ықпал етіп отырған адам. Оның негізгі еңбектеріне: «Қытайдың білім беру жүйесін өзгерту», «Шинжының ресми хаты», «Ескі лашықтағы қоңырау үні», «Шығармашылыққа кіріспе» т.б. жатады.
Тау Шинжы ескі көзқарастар мен салт – дәстүрге қарсы тұрып, қыздардың жоғары білім алуына жол ашқан. Ол халық ағарту жұмысын қолға алып, 1923 жылдардағы халықты жаппай сауаттандырылуына үлес қосқан. Әсіресе сауаттандыру мәселесін ауыл мектептерінде қолға алып, қоғамдық іс атқарған.
Джон Биггс (Biggs) Гонконг университет інің психология ғылымының мәртебелі прфессоры, Ол Канадада, Австралияда және Гонконгте білім саласын басқарған. Ол негізінен студенттердің білім алу сапасы мәселелерді қарастырған.Осы тұрғыда оның 20 – ға жуық еңбектері жарық көрген. Оның «Жаксы теориядан оңтайлы ешнәрсе жоқ», деген тұжырымын үшіншіден, 6 жылдық бастауыш мектепті 5 жылдыққа ауыстыру қаралды. Ауыл және қала адамдарының барлығы біркелкі білім алуы тиіс деп саналды.
Келесі кезеңдер он жылдық кезеңдер деп те аталады. 1956 – 1966 жылдар «ұлы мәдени революцияның» қарсаңын сипаттайды, бұл кезең қытай халқының үлкен жетістікке жеткен кезеңі болып саналады. 1957 жылдың ақпанында Мао Цзэдунның бастауымен «Халық ортасындағы қарама – қайшылықтың дұрыс шешілуі туралы» қағида ұсынылып, «адамгершілікті, дене, ақыл – ойы жан - жақты дамыған білікті мамандар даярлау» қолға алынды. Бұл кезеңде «Ұлы білім беру революциясы» толқыны пайда болды, жарты уақыт еңбекке, жарты уақыт білімге деген ұран қабылданды. Дегенмен де 1959 – 1961жылдары Қытай экономикасы едәуір қиындықты бастан кешірді, соның салдарынан алдыңғы қағидадан, барлығын экономиканы дамытуға бағыттады, ал өз кезегінде сапаны арттыруды көздеді. Сондықтан да білім беру ұйымдарын біріктіріп, оның сапасына көңіл бөлінді. 1964 – 1965 жылдары қайта реформа жасалып, білім беру жүйесі қалпына келтірілді. 1964 жылы ҚХР Мемлекеттік кеңесі оқушылардың оқу жүктемелерін азайтып, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жетілдіруге байланысты қаулы қабылдады.
Келесі он жылдық кезең 1966 – 1976 жылдары «мәдени революция» кезеңінде, елдің ағарту ісі біршама шығынға ұшырады. Сол себептен де білім беру жүйесі реформаны қажет етті. Ол реформа «мәдени революция» деп аталды, оның Қытай коммунистік Партиясының төрағасы Линь Бяо мен Мао Цзэдунның жұбайы Цзян Цин басқарды. Олар мұғалімдер мен оқушыларды партия комитетінің басшыларына қарамастан мектеп директорлары мен мұғалімдерді аямай сынап, олардың мүліктерін тәркілеп революцияға белсенді қатысуға шақырды. Осыған байланысты барлық бастауыш мектептер мен орта білім беретін оқу орындары саяси оқу орындарына айналуы тиіс болды. Білім министрлігінің қызметкерлері саяси қайта тәрбиелеу үшін кадрлар даярлайтын мектептерге ауыстырылды. Дегенмен де Қытайдың бұл кездегі білім беру жүйесіне көптеген мұғалімдер ықпал етіп, қалпына келтірді.
1976 жылдан қазірге дейінгі кезең «Қытайдың социалистік модернизациялау кезеңіндегі» білім беру жүйесінің дамуы деп аталды. Дэн Сяо – пиннің «шынайы өмірден шындықты іздеу және санаға еркіндік беру» формуласы бойынша білім беру қызметкерлері мен Қытай педагогтары қатты сынға ұшрады. 1983 жылы қыркүйекте Дэн Сяо – пин «Цзиньшань» мектебінде: «Білім беру жүйесі модернизацияның мақсатына қызмет етулері және сыртқы әлем мен болашаққа бағытталуы тиіс», деп тарихи жаза қалдырды. Білім беру жүйесін дамытуға байланысты бірнеше заңдар қабылданды: Міндетті білім беру туралы заң ( 1986) , Мұғалім туралы заң (1993), Кәсіби білім беру туралы заң (1996), ҚХР білім беру туралы заңы (1997).
Тау Шинжы, Джон Биггс (Biggs) томның мазмұнында баяндалды, олармен қатар педагог ғалымдар Ланьсин Чжан мен Сяодун Фанды да атап өтуге болады. Лансин Чжан Пекиндегі Қытай ұлттық Педагогикалық зерттеулер Институтының педагогика тарихы департаментінің профессоры,экс – директоры. Еңбектері негізінен қытай тілінде жазылған: «Studies Zhang Jian’s Educational Thought, Liaoning Educational Publishing House», 1995.
Сяодун Фан да Қытай ұлттық Педагогикалық зерттеулер Институтының педагогика тарихы департаментінің директоры, профессор. Оның еңбектері: «Education and Development of Mankind», Educational Science Publishing House, 1995; «History of Western Educational Thought», Human Educational Publishing House, 1996.
Қытай көп ұлтты, көп ғасырлық тарихы бар мемлекет және өнертабыстар отаны. Қытайдың жоғары білім беру жүйесі университеттер мен колледждерден, кәсіби мектептерден тұрады. Мұнда 2 мыңнан астам ЖОО бар. Қытай ЖОО 50 жылдан астам уақыттан бері шетелдік студенттерді оқытады. 1999 жылы қытайлық университеттер мен колледждерге әлемнің 164 елінен 44 711 ал, 2006 жылы әлемнің 184 елінен 162 659 шетелдік студент білім алуға келген. Білім жүйесі үш деңгейлі: 4 – 5 бакалаврлық, 2 – 3 магистрлік, 3 жыл докторлық. Осы сатылы оқу жүйесінен толық өткен талапкер PhD доктор дәрежесін алады. Кредиттік оқу жүйесі толығымен электронды жүйеге көшкен, барлығы компьютер арқылы басқарылады.
Келесі төртінші бөлімдеьЕгипеттің көрнекті ғалымы, педагог Махмұд Мухаммад Фаһми Хижазидің педагогикалық идеялары баяндалды. Ол Каирде беделді қызмет атқарған, мысалы: халықаралық құжаттар мен кітаптар үйі әкімшілігінің мәжіліс орынбасары, Әдебиеттану факультетінің араб тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және Каир университетінің араб тілі орталығының директоры, ЕАР – дағы араб тілі мен әдебиетін дамыту жөніндегі тұрақты ғылыми кеңесінің төрағасы. Махмұд Мухаммад Фахми Хижази қазіргі таңда, ол Қазақстандағы Египет Ислам мәдениеті «Нұр – Мүбәрак» университетінің ректоры, ол араб, қазақ елдерінің білім беру жүйесін салыстырмалы талдаумен айналысады және оған толық мүмкіншілігі бар.Тіпті, оны әл – Фараби танушы ғалымдар қатарына да қоса аламыз.
Египет мұсылман мемлекеті болып саналады, сондықтан да оның білім беру жүйесі де негізінен дінге бағытталған. Алайда, діни пәндермен қатар ғылыми пәндер де сапалы түрде оқытылды. Тәрбие мәселесінде имандылық, еңбек, адамгершілік және т.б. бағыттарды алға қояды.
Бесінші бөлім, Латын Америкасының білім беру саласындағы білікті мамандар мен педагогтардың педагогикалық көзқарастары баяндалған еңбектерге арналды. Оның бірі Лауро де Оливейра Лима (Lauro de Oliveria Lima), ол бүгінгі күні де еңбек етуде, туған уақытын анықтау мүмкін болмады. Ол Бразилия білім (оқу – ағарту) министрлігінің орта білім департаментін басқарған, оны білім сапасын жетілдіру, мұғалімнің шеберлігі, дидактика мәселелері қызықтырған, сондықтан да еңбектерінің басым көпшілігі осы бағыттарға арналған. Лауро де Оливейра Лима (Lauro de Oliveria Lima) – Рио – де Жанейродағы Жан Пиаже атындағы экспериментальды педагогикалық орталықтың негізін құрушы ретінде танылған.
Алтыншы бөлімде ЮНЕСКО баяндамаларындағы білім беру саласына қатысты мәселелер қарастырылған. Соның ішінде біз «Қашықтықтан оқытудың шетелдік теориялары» тақырыбында жасалған баяндаманы бердік.
Алмады, сондықтан да мүмкіндікті пайдаланып,өзінің қызметін тастап,Колумбус қаласындағы орта мектепке директор болды.
1907 жылы У.Х.Килпатрик Колумбия университетінің мұғалімдік курсында Дж.Дьюидің кездеседі.Бұл кездесу оның өміріне елеулі өзгеріс алып келді.1911жылы тез арада диссертация қорғап,Дж.Дьюидің кафедрасында профессорлық қызмет атқарды.
1918 жылы У.Х.Килпартик 18 беттен тұратын «Жобалар әдістері»тақырыбында мақала жариялайды,дәл осы мақала оны әлемге танытты.
У.Х.Килпатрик 1965 жылы Нью Иоркте қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет