Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет68/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Харбенс С. Бхола -Үндістан өкілі, Пенжаб университетін тәмамдап, Огайо (АҚШ) штатының университетінде білім беру аймағы бойынша докторлық диссертация қорғаған. ЮНЕСКО-ПРООН, жобасының шеңберінде ЮНЕСКО жұмыстары бойынша аға эксперт қызметкері , Индиана (АҚШ) университетінің профессоры болды. Антологияға педагогтар қауымының назарын аударуға тұрарлық оның формальды және формальды емес, информалды білім беру туралы мақалалары қосылды.
«Еуропаның педагогикалық ойлары» деген екінші бөлімінде Еуропаның педагог ғалымдарының еңбектерінен үзінділер берілген: Германия ғалымдары –Г.Викенен, Ф. Перлз, Ұлыбританиялық –Б. Холмс, Дж. Равенн, Д. Лотон, У. Тейлор, Италияның-Дж. Родари, Д. Дольчи. Ф. Камби, Польша – Ч. Куписевич және Оконяның т.б.
11 дәріс. Еуропа (Германия, Ұлыбритания, Италия, Швеция, Дания, Финляндия, Франция, Польша) елдеріндегі психологиялық-педагогикалық идеялар.

  1. Германия (Густав Винекен, Фриц Перлз).

  2. Ұлыбритания (Брайан Холмс, Джон Равен, Денис Лотон, Уильям Тейлор).

  3. Италия (Джанни Родари, Данило Дольчи, Франко Камби).

  4. Швеция (Франц Калгрен).

  5. Дания (Олаф Петерсон),

  6. Финляндия (Кайзу Вирккунен),

  7. Франция (Эвелин Пьер).

  8. Польша (Винценты Оконь, Чеслав Куписевич) елдеріндегі психологиялық- педагогикалық идеялар.

Педагогика ғылымының неміс мектебі аса танымал. Ресейлік және кеңес педагогикалық әдебиеттерде Шығыс Германия ғалымдарының еңбектері кеңінен мәлім-Роберт Альт (1905 - 1978), 1952 жылдан Берлиндегі Гумбольд университетінің педагогика кафедрасында меңгеруші, педагогика тарихы мен ГДР ұлттық білім беруді ұйымдастыру бойынша «Тәрбие мен мектеп тарихы бойынша иллюстрациялық атлас» ( 1-2, 1965-66); «Адамзат дамуының алғашқы баспалдағындағы тәрьие туралы дәрістер» (1956) оқулықтарының авторы; Оскар Анвайлер (1925 жылы туылған) - тарихшы, әрі педагог, салыстырушы (»Патшалық дәуірдің соңы мен сталиндік дәуірдің басына дейінгі Ресей педагогикасы мен мектеп тарихы» (1964)), сондай – ақ, Батыс Германияның ғалым-педагогтары Вольфганг Кафк (1927 жылы туылған) – 1963 жылдан Марбург университетінің профессоры, «Тәрбие туралы ғылым» (1969-1970жж.) дәрістік радиокурсын өңдеген, дидактиканың «сыни - құрастырушылық» тұжырымдамасын құрастырды.


Антологияда басқа да неміс ғалымдары Г.Викененнің, Ф.Перлздің шығармаларынан үзінділер келтірдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет