Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


Надежда Константиновна Крупская ( 1869-1939 )



бет29/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Надежда Константиновна Крупская ( 1869-1939 ). Н.К.Крупская ВКП (б) Орталық Комитетінің мүшесі, коммунистік партияның ірі қайраткері, көрнекті совет педагогы, КСРО Жоғары Советінің депутаты және Президиум мүшесі, алғашқы педагогика ғылымының докторы, КСРО Ғылым академиясының құрметті академигі болып сайланған. Оның барлық өмірі партия ісі мен коммунизм үшін күреске арналды.
Н.К.Крупская 1869 жылы Петербор қаласында туды. Гимназияны бітірген соң Петербордағы әйелдер жоғары курсының математика бөлімінде оқыды. Осы кезден бастап студенттердің революциялық үйірмелеріне қатысады. 1891 жылы жексенбілік мектепке мұғалім болып орналасады. Өзінің мұғалімдік жұмысын жұмысшылар арасында революциялық идеяларды насихаттаумен ұштастырады. 1895 жылы В.И.Ленин құрған «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағына» кіреді. 1896 жылы Н.К.Крупская тұтқынға алынып, Енисей губерниясындағы Шушенское селосында В.И.Ленинмен бірге айдауда болады.
Кейінгі жылдары шетелдерде болып, жауапты партиялық қызметтерді атқарады. Большевиктік газеттер редакциясының хатшысы, Россиядағы партия ұйымдарымен жасырын хат жазу ісі, революциялық әдебиетті жасырын тарату және т.б. жұмыстармен шұғылданады.
Н.К.Крупская шетелде жүрген жылдарында Батыс Еуропа елдеріндегі оқу-ағарту ісімен танысты. Осы жұмыстардың нәтижесінде кеңес үкіметі орнағаннан кейін балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырды. Ол 1917 жылы жарық көрген «Халық ағарту ісі және демократия» деген еңбегінде оқу-ағарту мәселесін қолға алу керек деп жазды. Ол өз еңбектерінде бұрынғы педагогикалық идеяларды сынап, марксистік педагогикалық идеяны насихаттады.
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін Надежда Константиновна Оқу-ағарту халық комиссариатының коллегия мүшесі, ал 1929 жылдан бастап Оқу-ағарту халық коммисарының орынбасары болды. Мемлекеттік ғылыми советтің ғылыми-педагогикалық секциясын басқарып, оқу жоспары, бағдарламалар және басқа да педагогикалық құжаттарды жасауға белсене қатысты. Бірнеше педагогикалық журналдарды басқарды коммунистік тәрбие академиясында дәріс оқыды, педагогикалық мәселелер жөнінде мақалалар мен кітаптар жазды. Оқу-ағарту қызметкерлерімен, пионерлермен тығыз байланыс жасап, хат алысып тұрды. Өзінің еңбектерінде коммунистік тәрбие, мектепке дейінгі тәрбие, пионер ұйымының жұмысы, политехникалық оқыту, дидактика, жеке пәндер методикасы және т.б. мәселелер жөнінде жазды. Негізгі еңбектері: Балалар мен жасөспірімдерге коммунистік тәрбие беру, «Политехникалық білім беру», Мектепке дейінгі тәрбие, Эстетикалық тәрбие беру міндеттері туралы.
Мектепке дейінгі тәрбие мақаласынанда мынандай мәселелерді қарастырды.
Біздің бірыңғай еңбек мектебі балалардың қабілетін дамыту үшін, не істеуі керек?– деген сұрақ туады. Балаладың қабілетін дамытусыз, олардан іскер жұмысшы шығуы мүмкін емес. Мұндай сұрақ бұрын қойылмаған еді. Көбінесе мектепте оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылып, олардың қабілеттерін дамыту туралы ештеңе айтылмай келді.
Біз осы сұраққа тоқталсақ, баланың қабілеті мектептен бұрын, мектепке дейінгі кезеңде дамитынын байқаймыз. Бұл кіші жастағы баланың сезімінің дамуына байланысты.
Мынадай жәйтті бақылауға болады: кішкентай балаға түрлі формадағы кубиктер сыйға тартылса, ол кубиктерді көлеміне қарай тізіп орналастырып салыстырады, одан өзінше бір нәрселер тұрғызады, ойын барысында оның кубик формаларына ынта – ықыласы ауады. Енді ол айналасынан түрлі формаларлды іздестіре бастайды. Бір қарағанда бала сырт көзге өздігінен дамығандай болып көрінеді. Жеті жасар бала ойыншық сарбаздармен ойнап, оларды түрлі қарсы топтарға бөліп, орнындарынан жылжытып атыс ұйымдастырады. Сөйтіп ұзақ уақыт ойнайды. Ата-аналар балаларының соғысқа құштарлықтары артып кете ме?- деген ой мазасыздандырады. Сондықтан баладан ойыншықтарды алып қойғысы келсе де, қызу ойын үстіндегі баласын жабырқатқысы келмейді. Осыдан баланың математикалық қабілеті артқанын байқауға болады.
Бұл қалай болғаны? - деп ата-аналары таңырқаса, бала қола сарбаздармен ойнау барысында сандардың ара қатынасын меңгереді. Балалардың ойынға қолданған ойыншықтарын дидкатикалық материалдар деп атауға болады. Біздің бала бақшаларымызда дидактикалық материалдарды пайдалануымыз нашар, ал ол болашақ ұрпақтың еңбекке қабілеттілігін арттыратын маңызды мәселе.
Тағы бір нәрсеге тоқталсақ. Жас баланың сезімталдығы өте күрделі екені белгілі. Оны өзінің ерте жастағы кезін есіне түсірген адам біледі. Мен 6 жаста едім. Жазда мен анаммен бірге ірі иеліктері бар таныстарымыздың үйіне қонаққа бардық, менің анам оларда гувернантка болып қызмет атқарған болатын. Мен жан-тәніммен иелік анасын жеккөріп, қарапайым шарауа балаларымен достастым, ал ол болса үнемі балаларды ұрсып, бақтан қуатын еді. Ол кездерде темір жол өте аз еді, сондықтан қыстыгүні әкем келіп, бізді үйге шанамен алып қайтты. Біз үсті жабулы шанаға отырдық. Алдағы жеке орындықта сол иеліктің ат айдаушысы отырды, оның үстінде кафтаны, қызыл бас киімі бар еді. Ол деревня ішімен қатты сырғып келе жатып, жинаулы тұрған шаруа отынына тиіп кеткендіктен, соның жанында тұрған адам жерлейтін бос ағаш жәшікке тиіп, бәрі шашылып қалды. Сол сәтте шарауалар шананы тоқтатып, ат айдаушыны орнынан жұлып алып, қанды соққыға жықты, барлық деревня тұрғындары бірігіп, оны суық суға батырмақшы болды. Осы оқиға менің жадымда қатты сақталды. Өмірімде бірнеше рет осы оқиға көз алдыма келді, мен таптық жеккөрушіліктің не екенін осыдан түсіндім.
Мектепке дейнгі баланың осындай сезімнен сақтау үшін, оны шыны тостаған астына төңкеріп қоюымыз керек пе? Әриен, олай етпеу қажет.
Біз не істеуіміз керек? Баланың ерте жас кезіндегі қабылдау сезімін бала бақшасында қалай жұмсартып қабылдатуға болады? Оны қалай іске асыруға болады?
Ең алдымен бала бақшасы балаларға қуаныш сыйлай білуі тиіс, бала бақшасын еске алғанда жадыларында жарқын шаттық сәттер сақталуы тиіс. Мұндай жағдайды жасау үшін балаларды дамытып, қабілеттерін жетілдіру қажет.
Бала бақшасында баланың өз қатарындағы балалармен қарым-қатынас орнатуы, достасуы маңызды. Бірігіп атқаратын ойын-еңбек, бірігіп қуанышқа бөлену, баланың ішкі дүниесіне тәртіп орнатады, онсыз ұжымда өмір сүру мүмкін емес.
Бала бақшасы белгілі бір қоғамдық жаттығуды да жүргізеді. Шеруге қатысу, жұмысшылар клубына бару, жұмысшы-шаруалар, пионерлермен қарым-қатынас орнату - осының бәрі бала сезімінде белгілі бір із қалдырады. Балаға белгілі бір ықпал ететін нәрсені ойластырып, оны қызықтыру керек, ал тәжірибесі шыңдалмаған тәрбиешілер... балаларға саяси сауаттылық жүргізбек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет