Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


Антон Семенович Макаренконың (1888-1939) педагогикалық жүйесі



бет31/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Антон Семенович Макаренконың (1888-1939) педагогикалық жүйесі. Аса көрнекті совет педагогы Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1 мартта Харьков губерниясындғы Белополье қалаында темір жол жұмысшысының семьясында туған. Негізгі еңбектері: «Ата-аналарға арналған кітап» туралы, «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар», «Ұжымдық тәрбие» , «Отбасы тәрбиесі» туралы еңбектерінің құндылығы жоғары.
Қалалық училищені,онан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітіргеннен кейін Антон Семенович Макаренко Крюководағы екі класты темір жол училищесіне оқытушы болып тағайындалған.
Макаренконың педагогикалық қызметі 1905 жылы бүкіл Россияға бірінші орыс революциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталады,сондықтан оның көзқарасы да революцияшыл пролетарияттың күшті күрес идеялары негізінде қалыптасқан.Жас,қажырлы оқытушы осы кезде темір жол училищесінде жұмысшылардан ата-аналар комитетін құрып,сол арқылы реакцияшыл бағыттағы мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген,оқушылармен адамгершілік қатынас орнатуды жақтаған.Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын,бірақ ол өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ болашақ жаңашыл педагогқа тән қасиеттерді байқатты.
Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Макаренко өзінің білім дәрежесін көтеру жолында көп жұмыс істеген,әсіресе ол кейіннен өзіне зор әсер еткен орыстың ұлы жазушысы А.М.Горький шығармаларын терең оқыған.
А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: «Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес,өмірлік ұстазым болды»,-дейді.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко Полтаваның оқытушылар институтында оқып,оны алтан медальмен бітіріп шығады.1917 жылдың сентябірінен бастап Крюководағы жоғарғы бастауыш класс мұғалімдері училищесінде инспектор қызметін атқарады.
Октябрь революциясынан кейін Макаренко біраз уақыт темір жол училищесінде оқытушы болады.1920 жылдан бастап Макаренко Полтава губерниялық халық ағарту бөлімінің тапсыруымен Полтавадан 6 километр жердегі заң бұзушы жас балалар калониясын ұйымдастырған.Осы калонияны Макаренко 8 жыл басқарады.Бұл жылдар оны адамды тәрбиелеудің жаңа нағыз советтік әдістерімен қажырлы еңбек ету,іздену және күрес жылдары болды. Міне осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің шарықтаукезеңі басталады,ол тек тәжірибеде ғана емес,педагогикалық теорияда да тамаша табысқа ие болып,іс жүзінде совет педагогикасының бірнеше принципиальды мәселелерін шешті.
Кейіннен А.М.Горький атымен аталған осы калонияда Макаренко бүкіл тәрбие процесін, оқуды ауыл шаруашылық еңбегімен байланыстыруға негіздей отыра құрған.Өзінің тәрбие жүйесін құру жолындағы күресін,сол калонияның әр қилы өмірін А.С.Макаренко терең мағыналы және әсерлі көркем шығармасы «Ұстаздық дастанында» баяндайды.
1928-1935 жылдарда Макаренко Харьковтағы Ф.Э.Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарған.Горький атындағы колонияда мол тәжірибемен қаруланған Макаренко мұнда жұмысқа бұрынғыдан да табанды түрде және зор сеніммен,жаңашыл педагог ретінде кіріскен.Коммунаның тәрбие жұмысы оқуды өндірістік еңбекпен байланыстыруға негізделген,еңбек әуелі оқу мастерскойларында және өндірістің цехтарында,сонан кейін техникамен жабдықталған заводтарда ұйымдастырылған.Дзерженский атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің «Мұнара үстіндегі тулар»деген повесінде баяндаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет