Мұғалімнің жеке басының үлгісі. Өмірмен, қазіргі кезеңмен байланысты дұрыс ұйымдастырылған мектепте, К.Д.Ушинский өз халқын шын сүйетін және оның дамуы туралы қамқорлық жасайтын мұғалімге – тәрбиешіге басты рольді берді. Адам, педагог-гуманистің тұжырымдауынша, қоғам үшін ұлы байлықтың қайнар көзі. Баланың ойы мен жан дүниесін дамытатын, қоршаған ортаны оның танымымен байытатын мұғалімнің шығармашылық қызметінің нәтижесінде ол ержеткен соң, “балшықты жерлерді, құмдарды, адамсыз тауларды” байлықтың қайнар көзіне айналдырды.
Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының жігерлендіретін ықпалынсыз елестету мүмкін емес. “Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес”.
Мұғалімнің жеке басы бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас дүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі. Осындай “күн көзінің жарқын сәулесі” болуы үшін қатаң белгіленген жалпы және педагогикалық танымның көлемін меңгеруі қажет және соның негізінде қалыптасқан берік педагогикалық сенімдермен қарулануы керек. Осындай сенімдердің болмауы нағыз тәрбиеші бола алмайды ол қарапайым чиновниктің деңгейінде қалады. Ушинский чиновник тәрбиеші емес деген болатынды. Тәрбиешіге өз ісіне ақыл-ойын және бүкіл жан дүниесін салу және өзінің барлық қызметі арқылы табанды жүргізу қажет. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге лайықты халық мұғаліміне ең жақсы өз халқына тән қасиеттерді меңгеру өте қажет.
Халық мұғалімдерін даярлау үшін Ушинский мұғалімдер семинарияларын ұйымдастыруды ұсынды, ал орта мектептің мұғалімдерін даярлау үшін университеттер жанындағы педагогикалық факультеттерді. Ушинский мұғалімдер семинарияларының жобасын жасады, кейіннен Ресейде алдыңғы қатарлы земстволардың тәжірибесінде іске асты.
Семинарияның оқу жоспарына ол орыс тілімен әдебиетін, арифметканы, жағырафияны, тарнихты жаратылыстануды енгізді, болашақ мұғалімдерді ауыл шаруашылығы мен медицина салаларынан кейбір мәліметтермен таныстыруды ұсынды. Ушинский семинарияның оқу курсында ерекше орынды психологияны, педагогиканы және бастауыш білім беру әдістемесін оқытуға және педагогикалық тәжірибеге арнады.
Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857), “Мұғалімдер семинариясының жобасы” (1861), “Швейцарияға педагогикалық саяхат” (1862) атты мақалаларында мұғалімдерді даярлаудың және мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы ерекше орнына тоқтала келіп, жан-жақты талдау жасайды. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның мәртебесі, университеттер мен педагогикалық орындарында мұғалім кадрларын даярлау мәселелері бүгін де күн тәртібінен түспей отырған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де, ұлы гуманист-педагогтің мұғалім туралы айтқан қағидаларын бүгінгі мектеп тәжірибесі мен тәрбие жүйесінде кеңінен пайдалануға болады.