Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет40/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді.
Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды.
Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.
Халықтың бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, “халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады”.
Орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең негізгілеріне ол мыналарды жатқызды:
1) ғасырлар бойы сыннан өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік сезімі, өзінің күшін аямастан оның тұтастығы мен тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғай білуге әруақытта даярлығы;
2) жоғары азаматтық сезім, гуманизм;
3) шығармашылық энергияның байлығы.
Ушинскийдің пікірінше, орыс халқының рухы және Ресейдегі оқыту және тәрбие осындай негізде құрылуы қажет екендігін білдіреді.
Ушинский Халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді.
Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру оларды қолайсыз жағдайға олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.
К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді.
Ушинскийдің пікірінше, ана тілі “халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”.
Осыдан келіп, ана тілі “негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. К.Д.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді.
Ушинский ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы құнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл бірлікте болатындығын көрсетті: тіл-ойды сөз арқылы беру.
Ұлы классик - педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидаларының бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес.
К.Д.Ушинский “Ана тілі” атты белгілі мақаласында былай деп жазды: Тіл – бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек ғана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет