Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі (1824-1870)



бет39/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі (1824-1870).
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті.
Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.
1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады.
Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары туралы, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды.
Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейінің профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай оытырп, оны жақсартуға ғылымның көмектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студенттерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оған көмектесуге шақырды.
“Өз отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру – бұл менің өмірімнің бірде-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет”, - деп жазды жас Ушинский.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857-1958 ж.ж. “Тәрбие үшін журналда” өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы”, “Мектептің үш элементі” және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогикалық жұртшылыққа таныта бастады. 1854 жылы Ушинскийге алғашында Гатчинада жетімдер институтында орыс тілінің мұғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады. Бұл жерде Ушинский өзін педагог, ұйымдастырушы және зерттеуші ретінде өзінің күші мен қабілетін жан-жақты көрсете білді. Ол оқу орнының оқу жоспары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін ұйымдастыру мен әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. Бұл кезеңде жоғарыдағы аталған бірнеше мақалалары жазылған болатынды.
1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалды. Онда ол түбірлі өзгерістер жүргізді: дербес жұмыс істеген дворян және қыздар бөлімдерін біріктіреді, оқу пәндерін орыс тілінде оқыту енгізді, педагогикалық сыныпты ашты, онда тәрбиешілер даярланды, институтқа талантты оқытушылар шақыртылды, тәрбиенушілер каникулдар мен мейрамдарды ата-аналарында өткізуге құқығы болды.
Смольныйдағы кезеңде ол бастауыш оқыту үшін оқу кітабын басып шығарды – “Балалар әлемі”.
Смольный институтындағы Ушинскийдің прогрессивтік қызметі институттың тәрбиеленушілері және алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының тарапынан ерекше жағымды қолдау тапты, институт әкімшілігі және Ушинскийдің тарапынан институттан қуылған мұғалімдер оны құдайсызды, атеизмі, еркін ойы саяси сенімсіздігі үшін айыптап, қуғындады.
1862 жылы ол институттан шығарылды. Оған бастауыш және әйелдерге білім берудің қойылуын зерттеу және педагогика оқулығын жасау сылтауымен шетелге баруды ұсынған болатынды. Бұл жол сапары шын мәнінде бүркемеленген жер аудару еді.
Ресейде басынан кешіргеннің бәрі Ушинскийдің денсаулығына өте ауыр әсер етті, ертеде байқалған өкпе ауруы асқына түсті. Бірақ, өте ауыр асқынған сырқатына қарамастан, шетелде ерекше күшті жұмыс істеді: Германия мен Швейцариядағы әйелдер оқу орындарын, мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді сын көзбен қарай отырып, зерттеді.
Шетелде 1864 жылы “Ана тілі” атты тамаша оқу кітабын жазды және “Ана тілін” оқытуға басшылық мұғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу құралы жарық көрді. 1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы. “Адам-тәрбиенің пәні” атты еңбегін жазды. Бұл еңбек педагогика ғылымының құнды да, сүбелі туындысы болып табылады.
22 желтоқсанда 1870 жылы 46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К.Д.Ушинский қайтыс болды.
Өзінің табиғатқа көзқарасында Ушинский Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтады. Таным теориясы мен психологиясында оның материалистік элементтері басым. Ушинский психологияны физиологияға негіздеп құруға талпынды. Бірақ социологиялық мәселелерді түсіндіруде көптеген ағартушылар сияқты идеалистік бағытта болды.
Ушинскийдің қызметінің бс кезінде соңғы жылдарға қарағанда оның көзқарасында дін ерекше орын алды. Ушинский өмірінің соңғы кезінде, бұрынғыша дінді мойындай отырып, ғылым мен дінді анық ажырата білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет