Сембаев Ібнияұлы қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым (1905-1989). 1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында Қарабұлақ аулында туған. 1931 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық институтының химия факультетін бітірді. Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалімдіктен бастады. Одан кейінгі жылдары қазақ ССР Оқу Министрлігінің әдіскері, Қазақтың ауыл шаруашылық институтының оқытушысы, әрі директоры болды. Қазақ ССР-ы Оқу Министрі, әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі және проректоры, қызметін атқарды. Қазақ ССР Оқу Министрлігі жанындағы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры және институт жанындағы үйлестіру Кеңесінің меңгерушісі болды.
1966 жылы Ғылым докторы дәрежесін, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Сембаев Ә. I. Қазақ Совет мектебінің қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.
Ол үлкен қоғам қайраткерлері бола жүріп, Қазақ-стандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептеріне байланысты К. Д. Ушин-скийдің, Н. К. Крупскаяның педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.
Қосу керек
Лемберг Раиса Григорьевна Лемберг Раиса Григорьевна (1888-1975) - ғалым-педагог. профессор (1925), Қазақстан ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1957). 1937 ж. бастап өмір бойы Қазақстанда қызмет етті. 1938 ж. бастап ғылыми-педагогикалық іс-әрекетін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында жүргізді. Лемберг Раиса Григорьевна - Қазақстандағы бірінші профессор-әйел.Оның негізгі еңбектері дидактика мәселелеріне, оқыту әдістеріне, ұй тапсырмаларын ұйымдастыру әдістемесіне, оқушылардың дербес жұмысының ерекшеліктеріне арналған. Оқыту және тәрбие процесінің бірлігіне зор мән берді, педагогиканың теориясы мен тарихы мәселелерін зерттеді. [1]
Қосу керек. Қартбай Бекемұлы Бержанов (1924-1976). Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Бержанов артына үлкен педагогикалық мұра қалдырған, Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына қосқан өзіндік үлесі бар көрнекі ғалым. Қартбай Бекемұлы Бержанов ( 20 желтоқсан 1924 жылы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген - 23 ақпан 1975жылы, Алматы қаласында қайтыс болды) — ғалым, педагогика ғылымының докторы (1965 жылы), профессор (1967 жылы). Қазақ Педагогикалық Инститтутты (1947 жылы, қазіргі Қазақ Ұлтық Педагогика Университеті) және аспирантурасын (1950 жылы) бітірген. Осы институтта оқытушы, доцент (1947 — 55 жылдары),Алматы обкомында бөлім меңгерушісі (1955–57 жылдары), Қазақ Қыздар Педагогикалық институтының проректоры, кафедра меңгерушісі (1957–61 жылдары), ҚазПИ-де доцент (1961–67 жылдары), ҚазМУ-да (1967–75 жылдары, қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1965 жылы «Халық ағартудағы орыс-қазақ ынтымағы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап қазақ тілінде тұңғыш “Педагогика тарихы” оқулығын жазған. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту ісіне және кеңес дәуіріндегі (1917—41 жылдары) Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеген.
Қ. Бержанов бірнеше оқулық пен монографиялық еңбектің, 200-ге тарта мақаланың авторы. Оның бірі "Қазақстан мұғалімдерінің (1917-1941) қоғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан" атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердің қатарынан орын алады.
Ғалым туындыларының негізгі өзсгі педагогика тарихыныц мәселелері болып саналады. Ол оқу-ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығы өз еңбегіне ұдайы арқау етіп отырады. Оның "Оқу-ағартудағы халықтар достығы"атты ғылыми педагогикалық туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек.
Ол XIX ғасырдың бірінші ширегінде орыс-қазақ қатынастарының даму тарихында Қазақстанның ағарту ісі мен мәдениетіне, оның тарихы мен табиғи байлықтарын зерттеуге ықпал етіп, белгілі із қалдырғандар-декабристердің Қазақстан жеріндс болуының зор маңызы бар деген тұжырымға келеді.
Орыс мәдениеті мен оқу-ағарту ісінің Қазақстанның оқу-ағарту ісіне тигізген тағы бір ықпалы ұйымдастырылған кадст корпустары. Сонымсн бірге, Россияның ұлт аймақтарында, соның ішіндс Қазақстанда орыс білімінің таралуына ықпалын тигізген, 1789 жылы Орынбордағы Меновой двор мешітінің жанынан қазақ балаларына арналған мұсылман мектебінің ашылуы қазақ жастарының орыс тілін үйренудегі алғашқы қадам болғанын баяндайды.
Қазақ жеріндс тұңғыш мектеп ашқан, дала коңырауы атанған Ыбырай Алтынсаринның, ұлы ағартушылар Абай мен Шоқанның орыстың озық мәдениетінен сусындап, оның оқу-ағарту саласындағы озық идеяларын қазақ жеріне түңғыш таратушы екенін түйіндсй отырып, ол бүгінгі Қазақстан мсктептеріндегі үлкен өзгерістер ұлы орыс мәдениеті және орыс-қазақ достығының нәтижесіндс қол жеткен теңдесі жоқ табыс екенін дәлелдейді.
Ғалымның ұзақ жылдар бойғы зерттеулері нәтижесінде жазылған бағалы еңбектерінің бірі- "Педагогика тарихы" оқулығы. Бұл жоғары оқу орындары оқушыларының мектеп мұғалімдерінің, студенттердің қолтума кітабына айналды.
Оның ғылыми еңбегінің қай-кайсысы болмасын адамгершілік және еңбек тәрбиесінің принциптері тұрғысында жазылған. Автор 1920 жылдардағы Қазақстан жерінде алғашқы мектептің киіз үйлерде ашылғаны, алғашқы мұғалімдердің педагогикалық білімі жоқ, қысқа курстарда оқыған сауаты гана бар екеніне арнайы тоқталып, оның заңды құбылыс екенін ескерте кетеді.
Сол мектептердің бүгінгі тәрбие мен оқудың бірлігін, оның берік үлгісін жасаған қазақ мектептерінде дейінгі дәрежеге көтерілуі ұлт саясатының салтанат құрып отырғанын айқын айғағы деп тұжырым жасаган. Сондай-ақ ол кеңес мектебінің алғашқы жылдарындағы халық ағарту ісін дамыту мен қалыптастыруда Н.К. Крупская, М.Н. Калинин, А .В. Луначарский, т.б.көрнекті
педагогтардың тәжірибесі, олардың педагогикалық ықпалының орасан зор болғанын өз еңбекгерінде ерекше көрсетеді.
Ол педагогика тарихын белгілі бір жүйемен зерттеді. Мысалы,ол ХУІ-ХҮІІ.ғасырдың аралығындағы-жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы славян педагогі Я.А. Коменскийден бастап,әр түрлі кезеңдегі педагогика ғьлымының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан, педагогикада едәуіріне тән бетбұрыс жасаған, демек әрбір ғасырда өмір сүрген педагогтардың Ж.Ж.Руссо, И. Г. Пестолоции, М.В.Ломоносов, В.Г.Белинский,А.И.Герцен, К.Д. Ушинский, Чернышевский, Н.А Добролюбов, Л.Н. Толстой, И.Н. Ульянов, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А.Құнанбаев т.б. көптеген педагогтардың еңбектеріне талдау жасап, олар туралы өз кезіндс республикалық журналдар мен газеттерге мақалалар жазды.Ғалым зерттеулерінің басты бір өзсгі - педагогиканың білім беру және оқыту теориясын жетілдіретін саласы дидактиканы зерттеуі еді.Ол дидактиканы қазақ топырағымен байланыстыра зерттеді. Мысалы, ол біріншіден прогрессивті орыс педагогикасының -дидактикалық үлгі-өрнектері қазақ мектептерінде Ы. Алтынсарин ашқан мектептердің тәрбиесі арқылы жүзеге асырылды десе, екіншіден, С. Көпеевтің "Үлгілі бала"оқулығын дидактикалық еңбектер қатарына қосады. Үшіншіден, ол "Айқап" журналының материалдарын да дидактикалық еңбсктер қатарына қосуы да оның еңбектерінің жан-жақтылығын дәлелдейді.
Қ. Бержанов өмір бойы ұстаздық етті. Одан дәріс алған, лекция тындаған, ғылыми білім және тәрбие көрген мұғалімдер республиканың түпкір-түпкірінде жемісті еңбек етіп, ұстаздық қызметте жүр.